Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Оқу бағдарламасына сілтеме

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

Сабақтың мақсаты

Шығарманың композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Оқушылар сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап береді.
  • Оқушылар сандық мәліметтерді сәйкестендіреді.
  • Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
  • Қажымұқанның өсу жолына мінездеме береді. 
  • «Қажымұқан» сөзін қолданып, бес жолды өлең құрастырады.
  • Отан даңқын, абыройын арттыруға Қажымұқанның қосқан үлестерін салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың жатқа оқу дағдысын қалыптастыру;

Сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру;

Шығарманың мазмұнын композициялық тұрғыдан талдауды үйрету.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі, география

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан бейнебаяндарды пайдалану, презентациямен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

2 минут

5 минут

5 минут

Ынтымақтастыру. Топқа бөлу.

Тұманбай Молдағалиевтің мына шумақтарымен төрт топқа бөлінеді. / Әр екі жол бес данадан шығарылады, бірдей жолдармен топтасады./

Талай-талай мықтымен тайталасып,Оның жолын ұрпағы қайталасын.

Қажымұқандай ұл туған қазағымды,Күштен кем деп қалайша айта аласың.

Достарына құшағын айқара ашып,Жомарттығын ұрпағы қайталасын.

Қажымұқандай ұл туған қазағымды,Мәрт емес деп қалайша айта аламын.

Қызығушылығын ояту стратегиясы.

Жұптық жұмыс

Қажымұқан Мұңайтпасұлының дене бітімі туралы сандық мәліметтерді сәйкестендіру.

(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)1.Салмағы – 174 кг.2. Бойы – 195 см.3. Кеудесінің аумағы – 146 см.4. Балтырының аумағы – 49 см.5. Мойнының жуандығы –56 см.6. Бас аумағы – 65 см.7. Ортаңғы саусағының ұзындығы –14 см.8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.10. Аяқ киімі – 54 размер.Дескриптор

Білім алушы

  • Оқушылар сандық мәліметтерді сәйкестендіреді.

Мағынаны тану.

Бейнебаяндарды көреді, Қажымұқан туралы деректерді дәптерлеріне жазып алады.

https://www.youtube.com/watch?v=y9byzchoM-A

Қажымұқан (Қара мұстафа) - Көненің көзі

https://www.youtube.com/watch?v=VZrz3hI5Vnk

Күш атасыҚажымұқан

https://www.youtube.com/watch?v=y9byzchoM-A

Қажымұқан (Қара мұстафа) - Көненің көзі

https://www.youtube.com/watch?v=VZrz3hI5Vnk

Күш атасыҚажымұқан

Ортасы

10 минут

3 минут

10 минут

Жеке жұмыс.

Сұрақ қою стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру.

- Хикаяттың басты кейіпкері------- Қажымұқан.

- Шығарманың авторы ------Қ.Әбдіқадыров.- Қажымұқанның әжесі ------Айсары- Қажымұқан неше мемлекетте күрескен? - 28- Көркем шығармадағы кейіпкерге тән мінездерін,ой –пікірін, адамдармен қарым-қатынасын , сөйлеу әдебін, іс-әрекетін жинақтап айту ------------- мінездеме- Кейіпкерлердің өзара тілдесуі -------диалог- Хикаяттағы саудагер -----Иван Ногич- Хикаятта Ұлы дәрежелі Дядя Иван Лебедевке хат жазған -----Добрый –Рабый- Кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу -------кейіптеу.- Қажымұқан лом темірді бұрап, галстук ету өнерін қай қалада көрсетті?------Парижде

- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?- Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?

-Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?

Дескриптор

Білім алушы

  • Оқушылар сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап береді.

Мұғалім бағалайды.

Сөздікпен жұмысҚыламық - жұқалаң түскен қар Кеспек - сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке Кіреші - жүк тасушы Бастырық - шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық Күртік қар - жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қарПұт - 16 кгилограмға теңШабата - талдың қабығынан тоқылған аяқ киім

Топтық жұмыс.

«Кубизм» стратегиясы

1-топ. ТалдаңызШығарманы композициялық құрылымына талдаңыз.2-топ. СуреттеңізМұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер. 3-топ. ҚолданыңызҚазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай бейнеленген ? Мұқан бойынан тағы қандай үлгілі қасиеттер көрінеді? «Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз.

4-топ. Салыстырыңыз. 

Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті? Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқан қандай үлес қосты? Салыстыру.

Дескриптор:

Білім алушы

  • Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
  • Мұқанның өсу жолына мінездеме береді. 
  • «Қажымұқан» сөзін қолданып, бес жолды өлең құрастырады.
  • Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқанның қосқан үлестерін салыстырады.

Бағалау.Оқушылар дескриптор бойынша әр топты бағалайды.

Сергіту.

Қажымұқан атамыздың батасы :Биік болсын мақсатың ,Ұзақ болсын жақсы атың .Өз халқыңа адал бол ,Дала гүлі жас батыр.Намысы гүлі жас батыр.Өз ортаңның дүрі бол.Көпке ұнап істерің ,Жүзге дейін тірі бол!

https://www.metod-kopilka.ru/almaan_bdadyrov_azhyman_hikayaty-59527.htm

https://www.youtube.com/watch?v=y9byzchoM-A

https://www.youtube.com/watch?v=tLMmFCB0ARg

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

  • Шығарма несімен ұнады? 
  • Сүйікті кейіпкерлеріңе мінездеме бер.

Үйге тапсырма:

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятының композициясына талдау жасау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Дене тәрбиесі мен Қазақстан тарихы, география пәндерімен пәнаралық байланыс бар.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар Өмір бойы білім алу, азаматтық жауапкершілік, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, қазақ спортының дамуын (бұрынғы мен қазіргіні) салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаятының композициялық құрылымына талдау жасай алады, Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятының мазмұнын толық меңгереді, мағынасы түсініксіз сөздерді меңгерді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасайды. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде тарихи деректермен байланыс тығыз болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме беруі

2: Шығарманы композициялық құрылымына талдау жасауы

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Қажымұқан туралы көркем фильм бойынша оқушыларға жұмыс істету

2: Қазіргі балуан күресі туралы мәліметтермен ақпараттандыру

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Оқушылардың қазақ спорты туралы білімін жетілдіре түсу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу