Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Белсенді оқыту оқушының оқу сауаттылығына қатысты ойлары мен дағдыларын дамытуды қолдайды. Тыңдаушыларға белсенді оқытудың бірнеше стратегиясын, олардың қайсысы белсенді оқытудың дағдыларын дамытуды қолдайтынын және бұл дағдылар қалай сәйкес оқыту стратегияларымен дамитынын анықтау үшін зерттеуге көмектесеміз. Біз қалай үйренеміз жайында өз пікірлерімізді айтамыз: кітап оқып, дәріс тыңдап және сұрақ қойып немесе ойын арқылы үйрене алатындығымызды , басқа адамдармен өз пікірлерімізді алмастыра отырып, басқа біреуден үлгі ала отырып, машықтана отырып немесе әрекеттерді өздігінен жасай отырып үйрене аламыз. Бұл дәрісханадағы белсенді оқыту идеясын қалыптастырады. Мысалы: Жұппен ойлаңыз. Жұппен ойлау тапсырмасын орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға және әріптестерімен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады, қорытындысында олар талқылауға дайын болады. Неліктен жұппен ойлау белсенді оқытудың стратегиясы болып табылады? Белсенді не болды? Пікір алмасу біздің оқуымызға әсер етті, біз кітап оқудан емес, өзіміздің өмірімізден алынған тәжірибелерді талқылаудан үйрендік. Тыңдаушыларға белсенді болу мүмкіндігін беру үшін әртүрлі әрекеттер жасау қажет.

Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

«Фрейер моделі» әдісінде қолданған өте тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін, сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.

«FILA» кестесісің І-ІІ нұсқасымен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.

Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша , жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

[attachment=27739:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_2-nsa-1-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу