алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

«Аяз би» ертегісі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Төмендегі тәсілдердің бірін таңдап, сабаққа пайдалануға болады:

V. «ОҚЫП-ҮЙРЕНУ» СТРАТЕГИЯСЫ. Сабақты қорытындылау кезінде пайдаланса болады.

Парақшалар таратылады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1-қадам. Қолыңнан не келеді?

2-қадам. Кімнен үйрендің?

3-қадам. Не үшін үйрендің?

4-қадам. Не сезіндің?

VІ. «САНА АЛЛЕЯСЫ» СТРАТЕГИЯСЫ.

Сабақты қорытындылау кезінде пайдаланса болады.

Сыныптан екі топ құрып, тақтаға екі қатарға тұрғызылады. Қатар болғанда, топтар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұру керек. Қарама-қарсы тұрған топтың ортасынан бір адам өте алатындай орын болуы керек. Өз еркімен 1 оқушыны тақтаға шақыру керек. Оқушы қарсы тұрған топтардың ортасымен әрілі-берілі жүріп отырады. Оған қарсы тұрған топ кезектесіп сабақ бойынша, өтілген тақырыпқа байланысты ақпараттар айтады. Ортадан жүріп отырған оқушы оны есіне сақтап қалуы керек. Есте сақтап қалған сұрақтарына соңынан жауап береді.

VІІ. «ЖАРШЫ» СТРАТЕГИЯСЫ.

Топтарға тапсырма беріледі. Топтар бірге, топтаса жұмыс істейді. Белгілі уақыт өткеннен кейін топ өкілі тапсырманың орындалғанын жария етеді. Бұл стратегияның бір ерекшелігі жаршы ортаға шыққанда басқаларды өзіне қарата білу керек. Мысалы, әр түрлі тәсілдерді қолдана білу керек (оқушының фантазиясына байланысты) бүкіл сыныпқа қатты жариялап айқайлап:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Есітпедім демеңіздер» деп айтады. Қолындағы қағазын бүктеп алып, кәдімгі ханның жарлығын оқығандай етіп, рөлге енуі керек.

VІІІ. «СҰРАҚТАР» СТРАТЕГИЯСЫ.

Сұрақ қоюдан қорықпайтын оқушы ортаға шығады.

Бір оқушы ортаға шығады. Мұғалім оның маңдайына сөз (мыс, Бәйтерек, Эверест) жазылған стикер жабыстырады. Стикерде не жазылғанын табу үшін топтарға барып бар жоғы бір-ақ сұрақ қояды. Келесі топқа барғанда да бір сұрақ қояды. Топ мүшелері оның қойған сұрағының ретіне қарай жауап беруге тырысады. Осылай жалғаса береді. ТАПҚАНША! Таба алмаса, келесі оқушы жалғастырады.

ІХ.  "САНДЫҚША" ӘДІСІ.

Пайдалану мақсаты: әдебиет сабағында жеке тәжірибені өзектендіру үшін қолданылады. 

Қажетті жабдықтар: сандықша, жазуға арналған қағаз.

Орындалу барысы: Мұғалім сандықшаның ішіне абстарктілі заттарды салып толтыруды ұсынады, мысалы, мінез, тілек, т.б.Мысалы: Кейіпкерге ең керекті заттардың барлығын осы сандықшаға жина. Осы жағдайда өзің үшін не салар едің?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы