Ақ кимешек астынан сені көрем. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Т.Нұрмағанбетовтың

«Анасын сағынған бала» әңгімесі

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың оқу мақсаты:

Қызығушылығын арттыру.

Тыңдалым алды тапсырма

Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Ару ана» әнін бейнеклиптен тыңдайды.

Оқушылар осы ән арқылы талданатын әңгіменің идеялық мазмұнын болжап, талқылайды.

«Ару ана» әнін тыңдату.

https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA

Мейрамбек Беспаев - Ару ана

Ару ана

әні: Құралай Сәтмұхамбетова

Өз балаңнан артық бала бар ма, ана?

Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа

Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме

Жан ботасын сағынғанда, ару ана?

 

Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана,

Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?

Сенсіз менің айым туып алдымнан,

Атым шауып, бас бәйгені ала ма?

 

Асыл анам, сенен қуат алайын

Алдым сенен алтын таңның арайын

Сенің ғана жанарыңда тұратын

Мейірімді қайдан ғана табайын?

Тыңдалым тапсырмасы.

Ән мазмұны бойынша бір сөйлемнен жазып, кезектесіп оқиды.

С. Ойқозғау

Оқушылар әннің мазмұнына өз пікірлерін қосып, талдау жасайды.

Ана сөзімен қандай сын есімдерді тіркестіріп айтуға болады?

Ана туралы тағы басқа қандай әндер, өлеңдер білесіңдер? /Оқушылар өздері білетін ән-жырларын айтады./

Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Адамның бұл дүниедегі ең аяулы адамы кім деп ойлайсыңдар? Неліктен?

Совет өкіметін барынша келеке қылған жазушы – Бейімбет. Ал осы стильді, осы мектепті ары қарай дамытып, кәдімгі қазақ әдебиетіне жаңа бір бағыт әкелгендердің бірі – Тынымбай. Өйткені Тынымбайды айтып отырып, Бейімбетке тоқталмау мүмкін емес. Соның жалғасы секілді, кез келген адам солай қарайды. Бірақ Тынымбайды Бейімбетпен бірге  қоюға тағы болмайды. Мұның өзінше ұшталған стилі бар, өзінің дүниетанымы бар. Төлен Әбдікұлы

Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы1945 жыл туған, Қызылорда Қызылорда облысыоблысыҚызылорда облысы ЖаңақорғанЖаңақорған ауданы ауданыЖаңақорған ауданы ҚосүйеңкіҚосүйеңкі (Жаңақорған ауданы) ауылы) – жазушыЖазушы .

  Кітаптары: Қауын иісі”  (1971) «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоңыс» (1977) «Запах дыни» (1979), «Тұнық су» (1980), «Там где горел очаг» (1982), «Талисман» (1984), «Бәйтеректер» (1987), «Туған ауыл түтіні» (1989), «Балалық шақтың әуендері (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001) «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі

2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Ауғандық құстар» әңгімелер жинағы басылып шығады. «Анасын сағынған бала» әңгімесі осында жарияланған.

Оқылым алды тапсырма.

Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

Түрткі сұрақтары:

Бала анасын неге сағынады?

Автор әңгіменің тақырыбын неге бұлай атады?

Әңгіменің мазмұны қандай оқиғалардан тұруы мүмкін?

Оқылым тапсырмасы.

Білу және түсіну

Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді.

Сөздік жұмысы:

Мұң –

Қасірет –

Жетім –

Талдау және жинақтау

Шығарманың алғашқы 2 бетінің көшірмесі мен сұрақтар тізімі бар парақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақырып пен идеяны анықтайды.

Шығарманың тақырыбы не?

Шығарманың беретін идеясы не? /Анасын сағынған баланың қасіреті/

Баланың бейнесіне сипаттама беріңіз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Қолдану

Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады.

Бағалау.

Рефлексия.

Әңгімені қанша бөлімге бөлуге болады?

Ықтимал жауаптар:

Ауылға келген қонақ.

Ән.

Сержан мен қонақ. Қонақтың уәдесі.

Балмұздақ.

Алматыға аттаныс.

Өкініш.

Үйге тапсырма: Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқу.

[attachment=27332:prezentacija-5-synyp-debiet-1.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу