Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қосымша ұсынылатын материалдар:
Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
1) сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.
2) сөздің көп мағыналылығы, образады сөздер мұнда аз кездеседі.
3) ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылым пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шағын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі - терминдер. Терминдер - ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, мәнжазба, баяндама, тезистер, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі - стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі - ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемдік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйлемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады. https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=130&t=20060
Ғылыми баяндама - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар, симпозиумде) жасалатын баяндама.
Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады. Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазу түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге болмайды.
Стилистика – стиль туралы ілім. “Стиль” деп белгілі бір жалпы халықтық тілдің аумағындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз.
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.
Публистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгілері – айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады ды, соған орай нүкте қойылады.
Баяндама тезисі - баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы. Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?