Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Мәтінмен жұмыс

Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiнің дамуымен елеулi әлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Ерекше географиялық жағдайдың арқасында Қазақстаннан адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштарын табуға болады. Бұл туристiк инфрақұрылым дамуының, визалық режимнің үнемі жетілдіріліп отыруының және басқа да жағдайлардың негізінде жүзеге асады.

Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді:

Сауықтыру туризмі. Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан. Олар Алакөл көлінің жағалауы, Бурабай мен Баянауыл шипажайлық зоналары, Каспий теңізінің жағалауы, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерлері және т.б. сияқты әдемі және экологиялық таза жерлерде орналасқан.

Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары. Қазақстанның заманауи діни құрылыстары қажылыққа баратын адамдарды да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Нұр-Cұлтан қаласының маржаны «Қазақ елі» басты алаңында орналасқан «Қазірет Сұлтан» мешіті болып саналады. Ислам мешіттерімен қатар, Қазақстанда Вознесенский кафедралы соборы, Успенский кафедралы соборы, Свято-Троицкий ғибадатханасы, Воскресенский соборы (Семей қ.) сияқты керемет православие шіркеулердің біразы бар. Елдің оңтүстік-шығысы мен Алтайда Қазақстан аумағындағы буддизмның болу тарихын айқындайтын нысандар қатары бар.

https://www.kazembassy.ru/kaz/interesnoe_o_kazaxstane/turizm/

Оқылым тапсырмасы

Оқушыларға тақырып бойынша мәтін ұсынылады.

1-тапсырма. Мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне тоқталу.

2-тапсырма. Мәтін үзіндісіндегі тыныс белгілерінің қолданысын түсіндіріңіз.

Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан.

Дескриптор:

  • Мәтіннің стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне талдап жазады;
  • Тыныс белгілерінің қолданысын талдай алады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Тыныс белгілерін сауатты қолдана отырып, «Мен тұратын қала маңындағы демалыс орындары» тақырыбында шағын баяндама әзірле.

Дескриптор:

Баяндама мәтінін талапқа сай ресімдейді;

Ойын жүйелі жеткізеді;

Тыныс белгілерін сауатты қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу