Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


 1-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек:

1. Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі

2. Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы

3. Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі

4. Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері

5. Жариялауға ұсыну

6. Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.

3-қосымша

Өнертабыстар мен ашылымдар

Мақала

 Қарапайым тілмен айтқанда, ашылым дегеніміз – өмірде бар, бірақ ешкімге белгісіз болып келген затты немесе құбылысты анықтау, ашу. Ал өнертабыс дегеніміз – жаңа затты ойлап табу. Осы уақытқа дейін адамзат көптеген дүниелерді ашты. Олардың көбі əлемді өзгертіп, тіпті жаңа ашылымдар мен өнертабыстарға да себепші болды. Үздіксіз ашылымдар қазіргі таңдағы бізге таныс, тұрмыста жиі қолданып жүрген заттардың пайда болуына əкелді. Отты пайдалану мен игеру – адамзат жасаған ең маңызды ашылымдардың бірі. Отты игеру мүмкіндігі болмағанда заманауи өркениет болмас еді. XX ғасырдағы ғылыми жетістіктер де таңғалдырады. Қазірдің өзінде ғылыми ашылымдардың жиілегені соншалық, тіпті олардың ең маңыздыларының тізімін жасап, ғылымда немесе күнделікті қолданыста қаншалықты пайдалы екенін анықтау өте қиын болып отыр.

 Аристотельдің элементтер теориясы. Грек философы Аристотель физика бойынша көптеген теорияларды тұжырымдаған. Оның пікірінше, Жерді құрайтын элементтер аспан мен ғарышты құрайтын элементтерден өзгеше. Аристотель Жер төрт негізгі элементтен тұрады деп түсіндірді. Ол элементтер – жер (топырақ), ауа, су жəне от. Олар ауыр жəне жеңіл элементтер болып екіге бөлінді. Темір, металл секілді ауыр заттар жер элементтерінен құралған. Ондағы басқа элементтердің көлемі шектеулі деп тұжырымдалған. Жеңіл салмақты элементтердің құрамында жер элементінің үлесі аз. Олар басқа элементтердің жиынтығынан құралған. Аристотельдің пікірінше, заттар сезім мүшелеріне қалай сезілсе, оларды солай қабылдауымыз керек. Аристотель заттардың қасиеттерін олардың табиғи құрамы тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеген.

 Аристотельдің пікірінше, аспан және ғаламдағы барлық заттардың бөлшектері «эфир» деген бесінші элементтен құрылған. Аристотель ортақ қасиеттері арқылы барлық элементтердің басқа элементке айнала алатындығын айтқан. Оның теориясы бойынша, зат құрамындағы əр элементтің үлес салмағының əртүрлілігі əлемдегі заттардың шексіз əртүрлілігін қамтамасыз етеді. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды. Ол 2000 жылға жуық уақыт үстемдік етті. Аристотельдің элементтер теориясы алхимия ғылымының дамуына ерекше үлес қосты.

Бұқабаева. Б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу