Шешендік сөздер. Айтыс. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Айтыс. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Айтыс. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық). | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; Тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық). | |||||||||||
Бағалау критерийлері | мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, тілдік қолданыстары бойынша ерекшеліктерін салыстыра талдайды; тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады; көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу сөздерді сұрыптайды. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: мұнай, қара алтын, экология, зардап, апат, табиғат, Жер-Ана т.б. Қажетті сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша… | |||||||||||
Құндылықтарды игерту | Сабақ барысында оқушыларға жауапкершілік, құрмет құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экология | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар төменгі сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылығын ояту. Талқылау сұрағы: Мұнайдың төгілуі қандай зардаптарға әкелуі мүмкін? https://www.youtube.com/watch?v=WFXSSVzKCPY Оқушылар бейнематериалды көріп, қойылған сұрақ төңірегінде талқылаулар жүргізеді. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | таныстырылым | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 10+5 мин | Оқылым алды тапсырма. Оқушылар стиль түрлері туралы ақпаратпен танысып, білімдерін еске түсіреді. https://stud.kz/prezentatsiya/id/25481#&gid=1&pid=3 Оқылым тапсырмасы Оқушылар екі мәтін үзіндісін салыстыра талдайды. Тапсырма. Мәтіндермен танысып, жанрлық ерекшеліктері туралы жұпта талқыла.
А мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Мұфтах Диаров Каспий теңізіндегі экологиялық ақыр заман жайлы ғылыми түйін айтты. Мұфтах Диаровтың пікірінше, қарт Каспий адамзатты таразының тезіне салып, «ал таңдауыңды өзің жаса!» деп тұрғандай. Өкінішке орай, адамзат өкілі «қара алтынды» есепсіз өндіруде. Енді ашуына мінген Табиғат-Ананың да: «Жарайды, ашкөз адам, құрып біткен миллиардтаған биологиялық қордың кегін сенен алмай қоймаспын, әлемдік көлемдегі апатты көргеніңде ғана бәлкім санаң оянар!» - деген қарғысын айтар кезі алыс емес деп жазады ғалым. Академик Мұфтах Диаров: «Ерте ме, кеш пе Каспий теңізі айлағының қазақстандық бөлігінде апатты мұнай-газ тастандыларының таралатыны анық. Сонда көгілдір теңіз қоршаған ортаның оңалмастай болып бұзылған алып стационарлық бөлігіне айналады. Ең қорқыныштысы да сол, алда-жалда апат бола қалған күннің өзінде, оны ауыздықтай салысымен, теңізден мұнай өндіру ісі жалғаса бермек. Өйткені әңгіме миллиардтаған доллар пайда туралы болып отыр емес пе?!»-дейді ғылыми сараптауының соңында академик Мұфтах Диаров. https://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_atyrau_caspian_teniz_/2078578.html Ә мәтіні Әуелі жапан даланы кезіп көшпенді барлаушылар жүреді мұнараларын сүйретіп. Егер бұрғысы Жер-Ананың тұңғиық терең қабаттарындағы ғылыми атауы сан-сапат мұнай не газ көлінің үстінен дәл түссе, онда барлаушы-геологтардың жолы болып, құдайы берді дей беріңіз. Енді олардың орнына мұнай мен газды Жер-Ананың құрсағынан жарыққа шығарушы мұнайшылар келеді. Ақ сағымда жүзіп жүрген аққу-қаздардай әсер беретін ақшаңқан қазандарына құйған қоймалжың сұйықтарын өлшеп–пішіп өнімдерін мұнай айдаушыларға, яғни мұнай тасымалдаушыларға тапсырады. Ал олар су жолымен, темір жолмен, құбыр жолымен мұнайды өмірге қажет әртүрлі атауға ие сұйықтыққа айналдыратын өңдеушілерге (зауыттарға) жөнелтеді. Зауытыңыз – тұтынушыларға. Жер-Ананың қойнына тығылған қай байлығы да адамның қолымен өңделіп, одан өзге кескін-кейіпке түсіп барып адамзаттың қажетіне жаратылады емес пе?! Қызық, ә?! Айтуар Өтегенов Дескрипторлар: мәтіндердің стильдік, жанрлық белгілерін атайды; тақырыбын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, автор көзқарасын анықтайды; тілдік ерекшеліктерін талдайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Оқушылар мәтіндердің тілдік ерекшеліктеріне жасаған талдаударын естеріне түсіріп, көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу сөздерді сұрыптайды. 2-тапсырма. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі шикізат экспорттаушы ел ретінде танымал. Соның ішінде мұнай секторы Қазақстан экономикасы үшін ірі табыс көзі екендігі айдан анық. Дегенмен мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы айтпауға болмайды. Мұнайдың пайдасы мен зияны туралы пікір білдір. Мәтініңде көркемдеу, айқындау құралдарын қолдан. (Дифференциация-оқушыға жеке көмек көрсету). Оқушылар өз пікірлерін ПОПС формуласы арқылы білдіре алады.
Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша оқушының жұмысынан алған екі жақсы әсерін және бір ұсынысын айтады. Дескрипторлар: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу сөздерді сұрыптайды; тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы | http://www.ksu.edu.kz/files/TB/book/gsf/debiettanu_a_k_r_spe_o_k1.pdf https://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_atyrau_caspian_teniz_/2078578.html | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Борт журналымен» жұмыс Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Тақырып бойынша жаңадан не білдім? - мәтіннен? - сабақтан? - сыныптастарымнан? - мұғалімнен? | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?