Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) | Мектеп: | ||||||||
Күні: 5 -сабақ, 45 минут | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатысқандар: | |||||||
Лексика-грамматикалық бөлім | Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер | ||||||||
Грамматикалық материал | Тыныс белгілерін қолдана білу | ||||||||
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Сөйлеу мәнерлілігі | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Еңбек нарығы туралы түсініктерін кеңейтеді, берілген кестедегі мәліметтердің ерекшелігін анықтайды; Оқушылардың көбісі: Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда өз пікірлерін білдіреді, берілген кесте мәліметтерін салыстырады. Оқушылардың кейбірі: Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда дәлелді пікір бере алады, басқа пәннен алған білімін пайдаланып, кесте мәліметтерін түсіндіре алады | ||||||||
Бағалау критерийлері | Еңбек нарығы туралы білімдерін толықтырады; Кестедегі мәліметтерді салыстырады; Негізгі үрдістерді анықтайды; Басқа пәннен алған білімін пайдаланады; Еңбек нарығының өзгеру себебін түсіндіре алады | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: Еңбек нарығы, жұмыс күші, электронды еңбек биржасы, еңбек нарығының сұранысы, кадрларды кəсіптік дайындау Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік Құрмет Адалдық | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Сабақ мақсатын анықтау | ||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 7 мин 7 минут 20 мин | 1 –тапсырма Сызба бойынша Еңбек нарығы ұғымына түсінік беру Бағалау критерийі Сызба бойынша еңбек нарығы ұғымына түсінік береді; Құқық негіздері пәнінен алған білімдерін пайдаланады.
2-тапсырма Нарықтардың басқада түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. 2018 жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған. Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техник-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ге жуық) бар. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының сұранысын қалай реттеуге болады? Жауабыңызды ПОПС әдісі арқылы білдіріңіз Бағалау критерийі ҚР сұранысқа ие мамандықтарды анықтайды; Оған өз дәлелін келтіреді. 3-тапсырма Мәтінді оқып, «Қазақстан Республикасында Еңбек нарығын реттеу бағыттары» инфографикасын (шартты белгі) құрастыру Еңбек нарығы өздігінен реттеле алмайды, сондықтан оны реттеуде мемлекет тікелей араласады. Негізгі бағыттары мен əдістері: 1. Жаңа жұмыс орындарын құру. Ол əртүрлі жолдармен іске асырылады: болашағы бар жəне жоғары мультипликаторлық əсер беретін өндіріс салаларында жаңа бейімді жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру; еңбекпен қамтамасыз ететін органдарды қаржыландыру жəне т.б. 2. Шағын бизнесті дамыту жəне қолдау. Жұмыс орындарының ең көп санын шағын кəсіпкерлікті дамуы қамтамасыз ететіні белгілі. Əсіресе, жеке еңбек іскерлігі, кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамытуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан шағын бизнесті қолдау негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Мəселен, көптеген дамыған елдерде кəсіпорын ашамын деушілер субсидиялар, жеңілдіктер мен арендаға ғимараттарды алу жəне лизинг негізінде техникамен қамтамасыз етуге көмектер беру қарастырлады. 3. Кадрларды кəсіптік дайындау, қайта дайындау ауқымының кеңеюі. Бұл екі мəселені шешуге мүмкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту жəне экономикалық өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тəжірибесінің жоғарлануына мүмкіндік береді. 4. Қоғамдық жұмыстар. 4-тапсырма Қазақстандағы еңбек нарығының әр жылғы ерекшіліктерін салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтап, басқа пәннен алған білімді пайдаланып, түсініктеме беру Бағалау критерийі Кестедегі мәліметтерді салыстырады; Негізгі үрдістерді анықтайды; Басқа пәннен алған білімін пайдаланады; Еңбек нарығының өзгеру себебін түсіндіре алады | https://www.facebook.com/enbek.gov.kz/?ref=py_c https://sn.kz/sn-akparat-agyny/57777-kazakstanda-kandai-mamandyk-ieleri-zhumyssyz-zhur http://dot.kostacademy.kz/bible/files/933349609.pdf | |||||||
Үй тапсырмасы | Болашақта қажет мамандықтар тізімін құрастыру, оларды меңгеру жолдарын анықтау | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия (сөйлемді жалғастыру) Еңбек нарығында өз орныңды табу үшін ...
| ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||
Қарапайым деңгей: . Орта деңгей: Жоғары деңгей: | Оқуды қадағалау. Сұрақ – жауап. Өзара жұптағы бағалау. | Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Тарих пәнімен байланыс. АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация). Жұппен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу). | |||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Ең жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?