Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 5 сабақ. 2 нұсқа.
Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер
5-сабақОқу мақсаты
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Еңбек нарығы туралы түсініктерін кеңейтеді, берілген кестедегі мәліметтердің ерекшелігін анықтайды;
Оқушылардың көбісі:
Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда өз пікірлерін білдіреді, берілген кесте мәліметтерін салыстырады.
Оқушылардың кейбірі:
Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда дәлелді пікір бере алады, басқа пәннен алған білімін пайдаланып, кесте мәліметтерін түсіндіре алады
Бағалау критерийі
Мәліметтерді салыстырады;
Негізгі үрдістерді анықтайды;
Басқа пәннен алған білімін пайдаланады;
Еңбек нарығын сұранысын реттеу жолындағы қадамдардың маңыздылығын түсіндіре алады
1 –тапсырма
Инфографиканы қарап, әлемдегі мәселені анықтауБағалау критерийі
Инфографика бойынша еңбек нарығы мәселесін анықтайды;
Құқық негіздері пәнінен алған білімдерін пайдаланады.
2-тапсырма
Инфографиканы қарап, түсініктеме беру
Бағалау критерийі
Инфографика бойынша еңбек нарығы мәселесіне түсінік береді;
Құқық негіздері пәнінен алған білімдерін пайдаланады.
3-тапсырма
ЖОО-ның 2014 жылғы 47 331 түлегі оқуды аяқтағаннан кейін бір жылдың ішінде жұмыс тапты. Бұл еліміз бойынша жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 2,6%-ын құрады. Диаграмма бойынша қандай мамандықтар сұранысқа ие болғанын анықтау, себебін түсіндіру
Бағалау критерийі
ҚР сұранысқа ие мамандықтарды анықтайды;
Оған өз дәлелін келтіреді.
4-тапсырма
Нарықтардың басқада түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығы өздігінен реттеле алмайды, сондықтан оны реттеуде мемлекет тікелей араласады. ҚР еңбек нарығындағы сұранысты реттеу бойынша әртүрлі жұмыстар атқаруда. Соның бірі - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы. Онымен танысып, еңбек нарығының сұранысын шешудегі Қазақстан жолын анықтап, баға беру
Бағалау критерийі
Кестедегі мәліметтерді салыстырады;
Негізгі үрдістерді анықтайды;
Басқа пәннен алған білімін пайдаланады;
Еңбек нарығын сұранысын реттеу жолындағы қадамдардың маңыздылығын түсіндіре алады
Рефлексия ( сөйлемді жалғастыру)
Еңбек нарығында өз орныңды табу үшін....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?