Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Сабақтың тақырыбы:
Еңбек нарығы және сұраныс.
Шешендік сөздер
Оқу мақсаты:
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.
Бағалау критерийлері:
Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты автор мен оқырманның қарым-қатынасын анықтайды;
Мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын құрастырады.
Т. Тыңдалымалды тапсырмасы.
Оқушыларға ортасына «Сұранысқа ие мамандықтар» атты жазу жазылған флипчат беріледі. Осы флипчатқа қазіргі күні сұранысқа ие деп тапқан мамандық атауларын жазып, өздерінің тұжырымдамалық карталарын сызады.
Дескрипторлар:
Оқушылар кем дегенде бес мамандықтың атауын жазып, айтады.
Тыңдалым тапсырмасы:
Т. Бейнебаянды тыңдап тұжырымдамалық карталарыңызды толықтырыңыздар. Толықтырған карталарымен ДЖИГСО әдісі бойынша алмасады, толықтырады. Топтар: «Сұранысқа ие мамандық» тақырыбында ойларын ортаға салады.
Дескрипторлар:
Тұжырымдамалық картасына кем дегенде үш толықтыру енгізеді;
Оны толықтыру себебін түсіндіреді;
Тақырыпқа қатысты сөз тіркестерін орынды қолданады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Т.
«Мамандық және сұраныс» тақырыбына сұрақтар құрастырады. Құраған сұрақтарын флипчаттарға жазып, сынып бөлмесінің төрт бөлігіне орналастырады. Топтар «Бекеттер айналымы» әдісі бойынша сұрақтарды оқып, оларға жауап береді.
Дескрипторлар:
Берілген тақырыпқа қатысты әр топ кем дегенде төрт сұрақтан құрайды;
Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады;
Топтар әр сұраққа кем дегенде бір дәлел келтіре отырып жауап береді.
Рефлекия:
Сыныптасын бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Сабақ тиімді болды ма?
Қай тапсырма ұнады? Неге?
Ұсыныс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?