Табиғат және экология. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ. 2 нұсқа.
Табиғат және
экология
Оқу мақсаты:
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
Бағалау критерийі:
Көтерілген мәселеге автор мен оқырман қатынасын ескеріп, талқылау сұрақтарын құрастырады, сыни тұрғыда бағалайды
Мәтіналды тапсырма:
1)«Табиғат және экология» сөздерін естігенде ойыңызға келген етістіктерді жазыңыз. Етістіктерді сөз тіркесіне айналдырыңыз.
Дескриптор:
мәтін мазмұнын толық түсінеді;
көтерілген мәселені анықтайды;
сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді;
Ж.Мәтінді тыңдау кезінде:
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land
1)Мәтінді мұқият тыңдаңыз, көтерілген мәселені анықтаңыз.
ЖЖ. Мәтінді тыңдағаннан кейін:
2) ЖЖ. Жұбыңызбен берілген сұрақты өзара талқылаңыз:
Не себепті жыл сайын біздің шығаратын тұрмыстық қалдықтарымыздың көлемі артуда?
Жердің ластануына өндірістік қалдықтардың ықпалы зор ма, тұрмыстық қалдықтардың ластау ықтималдылығы жоғары ма?
Кері байланыс:
Қалай ойлайсыз, қай сұрақта оқырманның көтерілген мәселеге қатысы анық көрінеді?
Берілген сұрақтың қайсысын талқылау сұрағы деп санайсыз? Неге?
Дескриптор:
талқылау сұрағын құрастырады;
мәселеге автордың\оқырманның қарым-қатынасын анықтайды;
мәселеге сыни тұғыдан баға береді
Ж. Кестені толтырыңыз.
Таныстырылым: (кесте бойынша)
Бетпе-бет. Сынып оқушылары бір-біріне қарама-қарсы отырады. Өз жұмыстарын таныстырып, талдау жасайды. Өзара талқылау жүргеннен кейін мұғалімнің белгі беруімен оң жақта отырғандар бір орынға жылжиды, яғни, келесі оқушымен жұптасып, жұмыс жасайды.ф»й
мәтін бойынша анықтаған мәселеңізді таныстырыңыз.
оқырман ретінде мәселеге баға беріңіз.
талқылау сұрағыңызды таныстырып, жұбыңызбен оны талқылаңыз.
егер сұрағыңыз талқылау сұрағы болмаса, өзгертуге талпыныңыз.
Кері байланыс
Өзіңіз тыңдаған 2\3 оқушының ішінде қайсысы мәселеге қатысты сыни баға берді деп санайсыз?
Сіздің сұрағыңыз талқылау сұрағы болды ма?
Қай оқушының сұрағын барлық дескрипторға лайық деп санайсыз? Неге?
Рефлексия:
Талқылау сұрағы 1) ...
2) ...
Өйткені ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?