Шешендік сөздер. Тарихи жәдігерлер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: 1 -сабақ, 45 минут | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатысқандар: | |||||||||||||||||||||||
Лексика-грамматикалық бөлім | Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер | ||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық материал | Әңгіме және дөңгелек үстел. Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстары | ||||||||||||||||||||||||
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Ұлттық жәдігерлер туралы түсініктерін дамытады Оқушылардың көбісі: Оның қажеттігі туралы ойын дәлелдей алады; Оқушылардың кейбірі: Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін анықтап, қолданылу себебін түсіндіре алады | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Ұлттық жәдігерлер туралы түсініктерін дамытады; Оның қажеттігі туралы ойын дәлелдей алады; Мәтін талдау дағдылары дамытылады | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: көне қолжазбалар;сирек кездесетін кітаптар;сақтау, зерттеу және дәріптеу; көне ғасырдан бері қалыптасқан; қолжазбалар; сан ғасырлық; ұлт мұрасы; мұражай экспозициясы, Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік Құрмет Адалдық | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Сабақ мақсатын анықтау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 7 минут 20 мин | 1 –тапсырма Алдыңғы сабақта алған біліміңді еске түсіріп «Ұлттық тарихи жәдігер» ұғымына кластер құрастыр. Ұлттық тарихи жәдігерлерге тағы нені жатқызуға болады? Бағалау критерийі Тарихи жәдігерлер туралы білімдерін еске түсіреді;
2-тапсырма Сонау заманнан бері ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл да мәдени мұраларының бірі саналатын күй мен жыр көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер дегенмен келісесіз бе? Жауабыңызды ПОПС әдісі арқылы білдіріңіз Бағалау критерийі Берілген тұжырымға өз ойын білдіреді; Оған өз дәлелін келтіреді. 3-тапсырма Күйді тыңдап, тарихи жәдігер екеніне өз пікіріңді айт, ол үшін оның шығу тарихымен танысып ал. Ел айырылған - халық күйі. 1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақ табан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен «Ел айырылған» күйін күңіренткен. Ел айырылған - қазақ және ноғай халықтарының бір-бірінен бөліну оқиғасы. Қазақ тарихында 17 ғасырда сыртқы жаулар тарапынан болған шапқыншылықтың ауыр зардабы мен ішкі қырқыстың кайғылы заманы болды. Мейірімсіз хан халықты атамекенінен тықсырып, қазақ пен ноғайды айырды. Қалмақ ханы Хо-Урлық шапқыншылығынаи соң ногайлар Жайық пен Еділдің арғы бетіне өтіп, қазақтар 1636 жылы оңтүстікке ығысады. Қазақтың өзі екіге бөлініп, Есім хан Түркістанды билесе, Тұрсын хан Ташкентке табан тіреді. Қазақтар мен ноғайладың жылап айырылысуы сол кезде дүниеге келген аңыз дастандарда, күйшілердің қобызда ойнаған күйлерінде өшпес ізін қалдырды. 4-тапсырма Екі мәтінді оқып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасаңыз А мәтіні Сирек кездесетін кітаптар мұражайының негізгі міндеті – Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу; әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету. Қолжазбалар қашанда елдің сан ғасырлық рухани, саяси өмірінен, мәдениеті мен тарихынан мол мәлімет беретін құнды жәдігер, ұлт мұрасы ретінде есептелген. Сондай құнды жәдігерлер қатарында мұражай экспозициясынан атақты шығыс шайырларының қазақ тілінде жырланған шығармаларын, Хакім Абайдың өлеңдер жинағын (М.Бікеұлының қолжазбасы), халық мұрасын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің этнографиялық материалдарын қолжазба күйінде көруге болады. Шағатай тілінде жазылған «Хандар шежіресі» (XVIII ғ.), Түркістан шеберлерінің «насталик», «насх» жазу үлгілерінде жазған қолжазба Құрандары мұражай көрмесінен лайықты орнын алды. Жаяу Мұсаның 1911-1918 жылдары жазған күнделігі, Кенен Әзірбаевтың өз қолжазбасы, Шәкәрім шығармаларының (ұлы Ахат Құдайбердиевтің) қолжазбасы және Құнанбайдың Омбы кадет корпусында оқып жүрген ұлы Халиоллаға 1885 жылы жазған хаты мұражайдың құнды жәдігерлері. Ә мәтіні Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды. Қазақстандағы жинақталған жәдігерлер саны 2 млн 700 мың шамасында болса, тарих пен тарихи құндылықтардың қайнар көзіне айналған біздің мұражай қорында 20 мыңнан астам көне мүліктер жинақталған. Қандай да бір зат мұражайлық жәдігерге айналу үшін біраз сатыдан өтуі керек. Мұражайлық маңызы бар заттарды ұзақ мерзімге сақтау үшін немесе жоспарланған есептерге пайдалану үшін біршама жұмыстар жүргізілуі керек. Ең бірінші, зат туралы деректер, яғни не үшін пайдаланғаны, табиғаттағы немесе қоғамдағы ортасы, адамдармен, не болмаса басқа заттармен байланыстары толтырылып, есепке алынады. Алғашқы нақты ғылыми жұмыстар жүргізілгеннен кейін барып, мұражайлық зат ретінде танылады. Мұражайға жәдігер ретінде қабылданғаннан кейін, ол заттың қабылданғанға дейінгі атқарған қызметі мен маңызы айтылмайды. Мысалы, тас шапқы еңбек құралы ретінде пайдаланған болса, мұражайлық жәдігер ретінде сақталған соң, белгілі кезеңнің куәсі ретінде есептеледі.
Дескриптор Мәтіндер тақырыбының өзгеше екенін анықтайды - 2 балл Мәтіндердің түсінік және ақпарат беретінін дәлелдейді – 2балл Аудиториясы ұқсас екенін мазмұны арқылы дәлелдейді - 1 балл Әр мәтіннен бір-бірден лексикалық, морфологиялық ұқсас бірліктерді анықтайды, қолданылу себебін түсіндіріп жазады -4 балл Әр мәтіннен бір-бірден синтаксиистік, морфологиялық өзгеше бірліктерді анықтап, қолданылу себебін түсіндіреді - 4 балл Сауатты, таза жазады – 2 балл | https://www.youtube.com/watch?v=_802i4i4YWk | |||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Құнанбайдың Омбы кадет корпусында оқып жүрген ұлы Халиоллаға 1885 жылы жазған хатын оқу | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия ( сөйлемді жалғастыру) Жәдігерді сақтау – (ұлтыңның өткенін білу, қадірлеу; жаһандану заманында ұлттық бірегейлігіңді сақтап қалу; т.б. ) | ||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||
Қарапайым деңгей: . Орта деңгей: Жоғары деңгей: | Оқуды қадағалау. Сұрақ – жауап. Өзара жұптағы бағалау. Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Тарих пәнімен байланыс. АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация). Жұппен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу). | |||||||||||||||||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Ең жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?