Шешендік сөздер. Тарихи жәдігерлер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім: ҰЛТТЫҢ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРІН САҚТАУ.

ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ

Мектеп:

Күні:__________

5-сабақ, 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар: _________

Қатыспағандар:___________

Сабақтың тақырыбы

Шешендік сөздер. Тарихи жәдігерлер

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Сабақтың мақсаттары

  • Оқылым стратегияларын қолдана отырып екі мәтінді түсініп оқиды.
  • Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын (тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін) ажыратып талдай алады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Үзіндіде кімнің шешендік сөзі берілгендігіне болжам жасай алады. Мәтіндерді оқылым стратегияларын қолдану арқылы түсініп оқиды.

Оқушылардың көбісі:

Топта жасаған болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан-жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады. Мәтіндердің стильдік ерекшеліктері мен аудиториясын, автор позициясы мен құрылымын ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндердің тілдік ерекшелігіне сараптама жасай алады. Мәтін талдаулары бағалау критерийіне сай не сай еместігін анықтай алады.

Бағалау критерийлері

  • Өз ойын жүйелі жеткізеді.
  • Оқылым стратегияларын қолдана отырып екі мәтінді түсініп оқиды.
  • Екі түрлі стильде берілген мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.
  • Топтасының жұмысына кері байланыс бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: шешендік сөздер, даналық, астарлы мағына, терең ой, тапқырлық, ұтқыр шешім, сөз бастау, әділ, тура, құнды мұра, бағалы қазына, тарих, жәдігер, мұражай, т.с.с.

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша ...

Бір жағынан ...

Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.

Себебі ...

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жауапкершілік (жұптың әр мүшесінің тапсырманы жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарауы, ұлттық құндылықтармызға деген құрмет).

Қысқартулар

Ж – жекелеме жұмыс

Ж/Ж – жұптық жұмыс

Т/Ж – топтық жұмыс

С/Ж – сынып жұмысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер, қажетті құралдар

Сабақтың басы

1 минут

2 минут

2 минут

1 минут

2 минут

 Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

ІІ. Оқушыларды түгендеу

  • Сабақта кім жоқ?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау (оқушыларға доп лақтыру арқылы өткен сабақты еске түсірту):

  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
  • Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық?
  • Өткен сабақтан не түйдік?
  • Жаңа сабақ мақсатын талдап, айқындайды.

Ү. Қызығушылықты ояту: топтастыру

  • «Санамалау» әдісі арқылы оқушыларды төртке дейін санатып, төрт топқа топтастырып алады.
  • Үзіндіде берілген шешендік сөздер кімге тиесілі екендігіне әр топ болжам жасайды. Әр топтан бір оқушы (орындығына стикер жабысқан) сөйлеп, топта жасаған болжауларымен бөліседі.
  • Жауаптары:

Шешендік сөздер

Шешендер

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,Күреңдi мiнер ме екенбіз,Күдерiден бау тағып,Ақ кiреуке киер ме екенбіз!

Ақтамберді жырау

Алтын ұяң – Отан қымбат,Құт-берекең атаң қымбат.Аймалайтын анаң қымбат.Асқар тауың әкең қымбат.

Қазыбек би

Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,

Басшысы болмаса, ел – жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз – жетім.

Төле би

Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер? 

Аяғы жоқ, қолы жоқ 

Жылан қайтіп күн көрер?

Асан қайғы

Бағалау критерийі:

  • Топта талдай отырып, үзіндіде кімнің шешендік сөзі берілгендігіне болжам жасай біледі.
  • Топта жасаған болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан-жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады.

доп

стикер

кесте

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минут

3 минут

7 минут

6 минут

6 минут

2 минут

1 минут

2 минут

Мағынаны ашу кезеңі:

1-қадам.

Оқылым алдындағы тапсырма Т/Ж, С/Ж

  • «Ой қозғау» әдісі:
  • Қазақ тілінде қандай стильдер бар?
  • Мәтіннің тақырыбын қалай ажыратуға болады?
  • Автор көзқарасы қандай болуы мүмкін және ол мәтінде қалай көрініс табады?
  • Мақсатты аудитория деген не?
  • Мәтіннің құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
  • Мәтіннің тілдік ерекшелігі дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Қандай шешендік сөздер білесіңдер?
  • Ұлттың тарихи жәдігерлеріне не жатады?
  • Берілген сұрақтарға шешендікпен жауап береді.

Бағалау критерийі:

  •  Өз ойын жүйелі жеткізеді.
  •  Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады.
  •  Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді.

 

 2-қадам.

Оқылым тапсырмасы Ж

Оқылым стратегияларын (іріктеп оқу, қайталап оқу, талдап оқу) қолдана отырып екі мәтінді оқиды.

А мәтіні

АЛМАТЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес, Алматы қаласында жобаларды іске асырудың практикалық кезеңі басталды. Қала әкімдігі барлық атқарушы органдар, әкімшіліктің бейінді ведомстволары, азаматтық қоғам институттары қызметкерлерінің басын қосып, арнайы топ құрған. Сонымен бірге, аймақтық сарапшы кеңес те жұмысын бастады. Оның құрамында білім, ғылым және мәдениет салаларының жетекші мамандары, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері бар. Нәтижесінде, қаладағы тарихи жәдігерлер тізімі жасалды.

 Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» – күллі ел үшін маңызы жоғары бағдарлама. Олай деуіміздің себебі – өткенімізді білмей, болашаққа қадам баса алмайтындығымыз. Қазақ жеріндегі тарихи жәдігерлерді, қасиетті мекендерді және олардың тарихын білуіміз шарт. Осыған орай елімізде алғаш рет республиканың тарихи маңызы бар нысандары бір географиялық белдеуге біріктірілетін болады. Демек әр аймақтағы қасиетті жерлерді танып-білуге зор мүмкіндік ашылады деген сөз.

 Карл БАЙПАҚОВ,

 «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы:

 – Бүгінде «Туған жер» және «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобаларының аясында еліміздің барлық аймағындағы қасиетті мекендерге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Соның ішінде, Алматыда да үлкен мән берілуде. Бабаларымыздың осыдан мыңдаған жыл бұрын осындай қаланың негізін салғанына қуанып, мақтануымыз қажет. Сонау XI-XIII ғасырдың өзінде Алматы қала деп әбден атайтындай дәрежеде болған. Оған дәлел ретінде жан-жағының қоршалуын, теңге сарайының болуын, халқының нақты саны болғанын, сауда мен кәсіптің дамығанын айта аламыз.

 Бағдарламалық мақаланың жоспарына сәйкес, Алматы бастапқы қадамдарын жасап үлгерді. Бүгінде жергілікті қасиетті жәдігерлер тізімі жасалды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қазіргі таңда 5 нысанды іріктеп алды. Оның барлығы мемлекеттік тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерінің тізімінде бар (240 сөз).

https://old2.aikyn.kz/2017/08/15/23755.html

Ә мәтіні

Тарихи жәдігерлер

 Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде, ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.

 Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым археология деп аталады. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай адам баласы жер бетінде еуропалық, моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінеді (235 сөз).

https://kk.wikipedia.org/wiki/Тарихи_жәдігерлер

Бағалау критерийі:

  •  Оқылым стратегияларын қолдана отырып екі мәтінді түсініп оқиды.

 

 3-қадам.

Оқылымнан кейінгі тапсырма Ж, Т/Ж

  •  Екі мәтінді салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын (екі мәтіннің стилі мен стильдік ерекшеліктері, тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін) топта сараптаңыз.
  •  Топта талдағандарыңызды жүйелеп, екі мәтінге салыстырмалы талдау жасаңыз.

Бағалау критерийі:

Екі түрлі стильде берілген мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.

Берілген екі мәтінді талдау бойынша

дескриптор

Балл

Стилін анықтайды.

1

Кем дегенде, 2 стильдік ерекшеліктерін таба біледі.

2

Мәтіннің тақырыбын ажырата біледі.

1

Автор көзқарасы берілген тұсын анықтай алады.

1

Мәтіннің аудиториясын ажырата алады.

1

Мәтін құрылымын талдай алады.

1

Мәтіннің тілдік ерекшелігін (сөз, сөйлем) талдай алады.

2

Сауатты талдау жасайды.

1

Барлығы

10

  •  Сыныптық талқылау жұмысы: жасаған талдау жұмыстарын бағалау критерийіне сай сыныпта талдап, топта өзара бағалайды.

Дифференциация: Мұғалім нәтиже бойынша (бір уақытта әр оқушы әртүрлі көлемде жаза алуы) және берілген ресурстар бойынша (берілген сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерді орынды қолдана білуі) саралайды.

Бағалау критерийі:

  •  Өз ойын жүйелі жеткізеді.
  •  Екі түрлі стильде берілген мәтіндерге салыстырмалы талдау жасайды.
  •  Топтасының жұмысына кері байланыс бере алады.

5-қадам.

Қорытындылау

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Жаңа сабақ ... өтті.

  6-қадам.

Бағалау

 Жеке және топтық жұмыстарын бағалау критерийлеріне сай өзара бағалайды.

 

7-қадам.

 Үй тапсырмасы

Стиль түрлері мен әр стильдің ерекшеліктерін қарастырып келу.

Бағалау критерийі:

  • Бес стильге түсінік бере біледі.
  • Әр стильге тән, кем дегенде, үш ерекшелік айта алады.

презентация

сұрақтар тізбегі

https://old2.aikyn.kz/2017/08/15/23755.html

https://kk.wikipedia.org/wiki/Тарихи_жәдігерлер

презентация

бағалау критерийі мен дескриптор

презентация

презентация

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Қиындық тудырған 2 аспект;
  • Сабақ барысында туындаған1 сұрақ.

презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциалау

Бағалау

Бағалау критерийі арқылы жеке, топқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Пән аралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер:

Презентация көрсету.

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу