Шешендік сөздер. Тарихи жәдігерлер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Шешендік сөздер

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,Күреңдi мiнер ме екенбіз,Күдерiден бау тағып,Ақ кiреуке киер ме екенбіз!

Алтын ұяң – Отан қымбат,Құт-берекең атаң қымбат.Аймалайтын анаң қымбат.Асқар тауың әкең қымбат.

Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,

Басшысы болмаса, ел – жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз – жетім.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер? 

Аяғы жоқ, қолы жоқ 

Жылан қайтіп күн көрер?

А мәтіні

АЛМАТЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес, Алматы қаласында жобаларды іске асырудың практикалық кезеңі басталды. Қала әкімдігі барлық атқарушы органдар, әкімшіліктің бейінді ведомстволары, азаматтық қоғам институттары қызметкерлерінің басын қосып, арнайы топ құрған. Сонымен бірге, аймақтық сарапшы кеңес те жұмысын бастады. Оның құрамында білім, ғылым және мәдениет салаларының жетекші мамандары, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері бар. Нәтижесінде, қаладағы тарихи жәдігерлер тізімі жасалды.

 Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» – күллі ел үшін маңызы жоғары бағдарлама. Олай деуіміздің себебі – өткенімізді білмей, болашаққа қадам баса алмайтындығымыз. Қазақ жеріндегі тарихи жәдігерлерді, қасиетті мекендерді және олардың тарихын білуіміз шарт. Осыған орай елімізде алғаш рет республиканың тарихи маңызы бар нысандары бір географиялық белдеуге біріктірілетін болады. Демек әр аймақтағы қасиетті жерлерді танып-білуге зор мүмкіндік ашылады деген сөз.

 Карл БАЙПАҚОВ,

 «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы:

 – Бүгінде «Туған жер» және «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобаларының аясында еліміздің барлық аймағындағы қасиетті мекендерге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Соның ішінде, Алматыда да үлкен мән берілуде. Бабаларымыздың осыдан мыңдаған жыл бұрын осындай қаланың негізін салғанына қуанып, мақтануымыз қажет. Сонау XI-XIII ғасырдың өзінде Алматы қала деп әбден атайтындай дәрежеде болған. Оған дәлел ретінде жан-жағының қоршалуын, теңге сарайының болуын, халқының нақты саны болғанын, сауда мен кәсіптің дамығанын айта аламыз.

 Бағдарламалық мақаланың жоспарына сәйкес, Алматы бастапқы қадамдарын жасап үлгерді. Бүгінде жергілікті қасиетті жәдігерлер тізімі жасалды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қазіргі таңда 5 нысанды іріктеп алды. Оның барлығы мемлекеттік тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерінің тізімінде бар (240 сөз).

https://old2.aikyn.kz/2017/08/15/23755.html

Ә мәтіні

Тарихи жәдігерлер

 Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде, ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.

 Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым археология деп аталады. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай адам баласы жер бетінде еуропалық, моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінеді (235 сөз).

https://kk.wikipedia.org/wiki/Тарихи_жәдігерлер

Берілген екі мәтінді талдау бойынша

дескриптор

Балл

Стилін анықтайды.

1

Кем дегенде, 2 стильдік ерекшеліктерін таба біледі.

2

Мәтіннің тақырыбын ажырата біледі.

1

Автор көзқарасы берілген тұсын анықтай алады.

1

Мәтіннің аудиториясын ажырата алады.

1

Мәтін құрылымын талдай алады.

1

Мәтіннің тілдік ерекшелігін (сөз, сөйлем) талдай алады.

2

Сауатты талдау жасайды.

1

Барлығы

10



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу