Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


ӘШЕКЕЙЛЕР СЫР АЙТАДЫЗергерлік бұйымдардың да айтар сыры бар. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Әшекейлер әйел адамның сол қоғамдағы алатын орнынан, абырой-беделінен хабар беретін болған. Мәселен, қазақы ырым бойынша қызыл көзді жүзіктер сырттан келген қауіпті өз бойына сіңіріп, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтаған. Әшекейлердің бәрі таза күмістен әзірленген. Тіпті, байырғы қазақтар қолында күміс сақинасы жоқ әйелдер дайындаған астан дәм татпаған екен. Себебі, күміс жүзік тағам құрамындағы адам ағзасына қауіпті заттарды жойып отырады деп ұққан. Жас жұбайлар неке жүзігін де арнайы тапсырыспен жасатқан екен. Бұл жүзіктің төбесі жастардың бөлек отау құрып, шаңырақ көтергендерін білдіретін шаңырақ тәріздес болған. Жүзіктердің ішіндегі көпке тағыла бермейтіні құдағи жүзік болыпты. Тұрмысқа шыққан қыздарының жағдайы жақсы, барған жерінде бақытты болып, ата-анасына қайынжұрты жайында мақтаулы сөз, жақсы мінездеме берсе ғана қыздың төркіні құдағиының қолына осы жүзікті салатын болған. Жүзіктің үлкендігі сондай адамның төрт саусағын жауып тұрады екен. Бұл да екі жақтың, екі елдің арасындағы сыйластықтың белгісі іспеттес. Бойжеткендердің бойтұмарына қатысты да біз біле бермейтін тұстарымыз бар екен. Бойтұмардың ішіне Құраннан сүрелер, дұға, аят немесе қастерлі кітаптардан сөздер жазылған. Ал әшекейлердің ішіндегі қыз баланы ибалылыққа тәрбиелейтін шолпы, шашбаудың қызметі өз алдына. Шашбаудың негізгі қызметі қыз-келіншектердің бұрымын жинап тұру болса, екінші жағынан қыз баланың бойын тік ұстауына және жүрісін дұрыстауына көмегі тиген. Яғни шашбаудың сыңғырынан-ақ кімнің келе жатқаны белгілі болған.Білезіктің де топсалы, өрнекті және құйма білезіктер деген секілді түрлері болған. Бұл әйелдер күнделікті тағып жүретін, қымбат бағалы металдан немесе күмістен жасалатын әшекей түрі. Сонымен бірге білезік буын ауруларының алдын алады, қолдың тазалығын күшейтеді, жын-перілерді қуады деген ұғым халық арасында кеңінен таралған екен. Ең маңыздысы білезік адам бойындағы күш-қуатты сақтайды. Қазақта бәле-жала әйелдің құлағы, шашы арқылы кірсе, күш-қуаты біртіндеп алақан арқылы сыртқа шығады деген сенім қалыптасқан. Сондықтан әжелер соңғы күш-қуатынан айырылудан қорқып, білезігін қолынан тастамайтын болған.

https://zhalagash-zharshysy.kz/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу