Шешендік сөздер. Тарихи жәдігерлер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 2 нұсқа.


4-тапсырма

Екі мәтінді оқып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жаса

А мәтіні

Сирек кездесетін кітаптар мұражайының негізгі міндеті – Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу; әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету.

Қолжазбалар қашанда елдің сан ғасырлық рухани, саяси өмірінен, мәдениеті мен тарихынан мол мәлімет беретін құнды жәдігер, ұлт мұрасы ретінде есептелген. Сондай құнды жәдігерлер қатарында мұражай экспозициясынан атақты шығыс шайырларының қазақ тілінде жырланған шығармаларын, Хакім Абайдың өлеңдер жинағын (М.Бікеұлының қолжазбасы), халық мұрасын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің этнографиялық материалдарын қолжазба күйінде көруге болады. Шағатай тілінде жазылған «Хандар шежіресі» (XVIII ғ.), Түркістан шеберлерінің «насталик», «насх» жазу үлгілерінде жазған қолжазба Құрандары мұражай көрмесінен лайықты орнын алды. Жаяу Мұсаның 1911-1918 жылдары жазған күнделігі, Кенен Әзірбаевтың өз қолжазбасы, Шәкәрім шығармаларының (ұлы Ахат Құдайбердиевтің) қолжазбасы және Құнанбайдың Омбы кадет корпусында оқып жүрген ұлы Халиоллаға 1885 жылы жазған хаты мұражайдың құнды жәдігерлері.

Ә мәтіні

Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.

Қазақстандағы жинақталған жәдігерлер саны 2 млн 700 мың шамасында болса, тарих пен тарихи құндылықтардың қайнар көзіне айналған біздің мұражай қорында 20 мыңнан астам көне мүліктер жинақталған.

Қандай да бір зат мұражайлық жәдігерге айналу үшін біраз сатыдан өтуі керек. Мұражайлық маңызы бар заттарды ұзақ мерзімге сақтау үшін немесе жоспарланған  есептерге пайдалану үшін біршама  жұмыстар жүргізілуі керек.  Ең бірінші, зат туралы деректер, яғни не үшін пайдаланғаны, табиғаттағы немесе қоғамдағы  ортасы, адамдармен, не болмаса басқа заттармен байланыстары толтырылып, есепке алынады.  Алғашқы нақты ғылыми жұмыстар жүргізілгеннен кейін барып, мұражайлық зат ретінде танылады. Мұражайға жәдігер ретінде қабылданғаннан кейін, ол заттың қабылданғанға дейінгі атқарған қызметі мен маңызы айтылмайды. Мысалы, тас шапқы еңбек құралы ретінде пайдаланған болса, мұражайлық жәдігер ретінде сақталған соң, белгілі кезеңнің куәсі ретінде есептеледі.

А мәтіні

Ә мәтіні

тақырыбы

мақсаты

аудиториясы

тілдік ерекшелігі

Дескриптор

Мәтіндер тақырыбының өзгеше екенін анықтайды - 2 балл

Мәтіндердің түсінік және ақпарат беретінін дәлелдейді – 2балл

Аудиториясы ұқсас екенін мазмұны арқылы дәлелдейді - 1 балл

Әр мәтіннен бір-бірден лексикалық, морфологиялық ұқсас бірліктерді анықтайды, қолданылу себебін түсіндіріп жазады -4 балл

Әр мәтіннен бір-бірден синтаксиистік, морфологиялық өзгеше бірліктерді анықтап, қолданылу себебін түсіндіреді - 4 балл

Сауатты, таза жазады – 2 балл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу