Әлемді өзгерткен өнертабыстар Шешендік сөздер. Пікір алмасу. Публицистикалық стильдің тілдік. ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал.


 Инновациялық даму дегеніміз – жасампаздық, жаңа және пайдалы өнім шығару. Оны шығаратын, ойлап табатын – ғалымдар, конструкторлар, технологтар. Нақты қолданысқа енгізілген жаңа идея ғана инновацияға айналады. Дамыған елдерде өнертапқыштарға, шағын фирмаларға техникалық жаңалықтарды қаржыландыруға көмек көрсетіледі. Мысалы, АҚШ-та жүз шақты жұмысшысы бар шағын фирмалар мыңдаған жұмысшы істейтін ірі корпорацияларға қарағанда 20 есе артық жаңа өнім береді екен. Өйткені шағын бизнес тұтынушы үшін бәсекеге түсуге икемді. Мұндай фирмалар мен компаниялар бастамашыл, озық ойлы қызметкерлеріне жағдай жасайды. Яғни инновациялық даму мен ғылыми-техникалық әлеует өзара тығыз байланысты. Әрине, біз де жаңашыл ғалымдарға зәру емеспіз. Әрбір салада озық идеяларымен дараланған білікті мамандар көптеп саналады. Бірақ идея бар жерде оны іске асыру бар. Мәселе осы ғылыми идеяны коммерцияландыруда, яғни ақыл-ойдың жемісін дайын өнімге айналдыруда.

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланыс «Идея – әзірлеме – үлгі – дайын өнім – өткізу нарығы» тізбегі біртұтас жүйемен жұмыс істегенде ғана күшейеді. Бұл ретте индустрияландыру бағдарламасының ашықтығын көтеру, инноваторлардың жолындағы әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, танымал кәсіпкерлерді ЖОО оқытушыларының құрамына тарту, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен холдингтер қызметінің ашықтығы, ғалымдарға лайықты жалақы төлеу, жас ғалымдарды ынталандыру, инновациялық өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау (салық, т.б. жеңілдіктер) оңды нәтиже берері анық. Өнертапқыштар мен кәсіпорындар ең алдымен көпшілікке арналған инновациялық өнімдер шығаруды ұлғайтуға тиіс. Арзан, пайдалы және халыққа керекті өнімге сұраныс та жоғары. Бұл ретте шетелдік тәжірибенің жақсы жақтарын алуға да болады. Мәселен, Қытай технологиялық даму бойынша соңғы 10 жылда АҚШ-тан кейінгі 2-ші орынға шықты. Пекиннің прагматикалық техно-ұлтшыл саясаты «экономикалық чемпиондар» аталатын ірі компанияларды қолдау арқылы ұлттық өнеркәсіпті дамытып отыр. Әлемнің ірі компанияларының тізіміне соңғы жылдары Қытайдың 70 компаниясы кірді, ал 2002 жылы олар небәрі 11 болған. Уақыт лебін жіті сезінген көршілеріміз бұл қадамға тегін барып отырған жоқ. Өйткені индустрияландыру тек әлеуметтік-экономикалық жоспар емес, оның саяси, ұлттық қауіпсіздік, елдің болашағы сияқты аса маңызды астарлары бар. Мұнайдың бағасы ары-бері ауытқып, күнде құбылған кезеңде білектің күшімен жерді қазып, қопарып, кенді далаға шығара бермей, жұрт сияқты ақыл-оймен, парасатпен ақша табуға көшуіміз керек. Алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Әлеуметтік мәселелердің шешімін табу, халықтың әл-ауқатының көтерілуі де экономикалық өсімге тікелей байланысты. Таяу уақытта, сарапшылардың пікірінше, дамушы елдердің 5%-ы ғана озық елдердің қатарына қосыла алады. Демек, экономикасы «қуып жетуші» сипаттағы Қазақстанды алда қатаң бәсеке күтіп тұр – ғылымды өндіріспен ұштастырып, жаңа инновацияға ие болу.

Дина ИМАМБАЕВА

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=46601



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу