Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының миссиясы

Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің миссиясы

Сапалы білім. Үштілді орта. Болашақ көшбасшылар

САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау.

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Графиктік мәтінде берілген деректерге салыстыру жасап, талдауға, өзіндік тұжырым жасауға үйрету.

 Бағалау критерийлері

Мәтіндерде берілген деректерді салыстыра алады;

Мәтін деректерін талдап, өзіндік тұжырым жасайды.

Мәтіндегі ақпараттарды талдай отырып, мәтін жазады.

 Сабақтың лексикалық миниммум

Мемлекет, халық, әлеуметтік мәселе, көші-қон, миграция, халық саны, білікті мамандар, сұраныс, жағдай, т.б.

 Құндылықтар

Тақырыпқа қатысты мәтін мазмұны негізінде өз елінің болашағы туралы ойлануға, оны дамыту жолында өз еліңнің АЗАМАТЫ ретінде «НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫН?» «Жеке қажеттіліктеріңді іске асыру үшін шет ел асып кеткен қаншалықты дұрыс?» деген сұрақтар төңірегінде ойлануға ықпал етемін.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қазақстанның келешегі мен болашағы» тақырыбінде алған білімдерін сабақ барысында қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Қызығушылықты ояту:

  • Төмендегі кестеге қарап, нені аңғаруға болады?
  • Мемлекетімізден мамандардың көшуі неге әсер етеді деп ойлайсыздар?

Мәтін:

Мемлекеттік статистиканың мәліметтері бойынша, 1994-2004 жылдар аралығында Қазақстаннан кеткендер:

Мемлекеттен кеткен адамдар саны

Жоғары білімі бар

Аяқталмаған жоғары білімі бар

Арнаулы орта білімі бар

791 687

245 390

82 974

463 323

Ортасы

Жазылым алды тапсырмасы.

Төменде берілген екі графикті суреттерді пайдаланып, Қазақстандағы интеллектуалды миграция мәселесіне қатысты үдерісті анықтаңыз.

1-мәтін:

Еліміздің жоғары білімді азаматтарының басқа елдерге қоныс аударулары ақыл-ойдың ағынын күшейтіп, қоғамымызға кері ықпалын тигізеді.

2000 жылы кеткен мамандар саны

Техникалық мамандар

Педагогтер

Экономистер

Медицина

Сәулет саласы мамандары

28427

13998

5460

3906

2868

2195

Қазақстанның ақыл-ойы АҚШ, Канада, Ресей, Германия, Израиль, Гонконг, Сингапур, Қытай елдеріне тарауда.

Ақпарат Қарғаш ЖАНПЕЙІСОВА,саяси ғылымдар кандидаты,Гүлназ ҚАЛИАСҚАРОВА,докторант

https://egemen.kz/article/210021-intellektualdy-migratsiya-eldinh-damuyna-keri-aser-etedi сілтемесінен алынып, жасалды.

2-мәтін:

2018 жылы Қазақстаннан 22,7 мың қазақстандық мамандар кеткен:

Техникалық саланың мамандары

Экономистер

Педагог мамандар

7400

3900

2500

https://www.youtube.com/watch?v=-OYR5cT7Mlo

Дескрипторлар:

Графиктік мәтіндегі ақпаратты оқып, түсінеді;

Мәтінде көтерілген мәселені анықтай алады;

Ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді.

Тақырыпқа қатысты терминдерді орынды қолданады;

Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті) сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлейді.

Жазылым тапсырмасы:

Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды қолдана отырып, пікірлерді толықтырып, деректерге талдау жасай отырып, «Өзге елде сұлтан болғанша...»тақырыбына дискуссивті эссе құрап жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды қолдана алады;
  • Деректерді талдай отырып, дискуссивті эссе жазады.
  • Эссе құрылымын сақтайды;
  • Тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды (терминдерді, тілдік оралымдарды) қолданады.
  • Сөз көлемін сақтап жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма:

  • Жазған эссені өзара алмасып, талдау жасайды.
  • Қажетіне қарай логикалық және стилдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.
  • Сөзталаста интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті) сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлейді.

Соңы

5 мин

Рефлексия

Сабақ барысында не ұнады, не қиын болды және ұсынысын жазады.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Рефлексия.

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу