Қазақстанның өткені мен келешегі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


 ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. “Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс… ”, -деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш — қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.

Кез келген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен арманы болады. Себебі арман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабаларымыздың аңсап,  тәуелсіздік жолында күрескен арманы орындалды-ау.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

https://weekend.bugin.kz/2310-zharqyn-bolashaqtynh-beynesi-%E2%80%93-dgastar!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу