Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ. 1 нұсқа.


Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда!

Жарияланған күні: 15 сәуір 2016 - 14:56

Жаңартылған күні: 10 қараша 2017 - 17:45

Қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында. Оны Елбасымыз өз жолдауында анық айтып көрсетті. Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да бөлек. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі асуға бет алуын көрсеткендей әсер қалдырды. Елбасы даму көкжиегімізді 2050 жылға дейін ұзартып отыр. Ел Үкіметі мен халықтың алдына нақты міндеттер қойды. 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жоспары белгіленді. Бұлар құрғақ қиял емес, барлығы да ғылыми негізделген, қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жетер армандар. Көптің ойына келмеген бастамалар көтеріп, тұтқиылдан тосын шешімдер қабылдау және соған жұртшылықты жұмылдырып, тиісті нәтижеге қол жеткізу – Елбасының өзіндік машығы, ойының озықтығы. Кезінде ел ордасын көшіру, 2030 стратегиясын іске асырып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру сияқты өршіл бастамаларды ойлана қабылдағанымыз рас. Бірақ, өмірлік ақиқаттар қабылданған шешімдердің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Бұл ретте алға мақсат қоя білудің және ол мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы зор. Елбасының сөзімен айтқанда, «Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді». Қазақстанның осы кезеңдер ішінде қол жеткізген жетістіктерінің барлығы да тәуелсіздіктің арқасында болып жатқаны даусыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылғандай, «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз». Сондықтан да, халқымыз үшін Тәуелсіздік ең үлкен құндылық болып қала береді. Алға қойған мақсат, стратегиялық даму жоспарлары да, ел халқының ерік – жігері мен күш – қайраты да ел тәуелсіздігін баянды етуге жұмылдырылды.

Тәуелсіздіктің басты бір тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Жолдауда «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.

Ел дамуының келесі кезеңіне бағыт алған тұста мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жай-күйі қалай болады деген сауал әркімді де қызықтыратыны анық. Стратегияда бұл мәселе де ерекше аталып өтілген. Елбасы бұл Жолдауында қазақ тілінің алдағы уақыттағы тағдыры туралы көпшілікке қарата: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.

Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.

Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігін ұмытып қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамайық. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын деген болатын». Біз, жастар кез келген сынаққа дайын болып, бәсекеге төтеп беруіміз керек. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Ендігі кезек “жастарда” яғни бізде. Біз, өз отанымыз Қазақстанды жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуіміз қажет. Сонда ғана бойымызда патриоттық сезім пайда болады. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің, яғни, болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. «Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық - саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.

Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға  жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің жарқын болашағына үлес қосу әрбір саналы да білімді жастарымыздың қолында.

«Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!».

 

А. Абдрахманова

Астана қаласының Есіл аудандық Әділет басқармасы

Қазақстанның Заңгерлер Одағының Астаналық филиалының мүшесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу