ХХІ ғ. жаһандық қауіп-қатерлер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 13-14 сабақ.


Пәні: қазақ тілі

Күні: 30.11-04.12.2020

Сыныбы: 9

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова А.А., Нурмуханова А.Е.

Бөлім тақырыбы

4- бөлім: Әлемді қорғаудағы мемлекеттер мен ұлттардың арасындағы жауапкершілік

Сабақ тақырыбы 11-12

ХХІ ғ. жаһандық қауіп-қатерлер

Оқу мақсаты

9.О2. Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

9.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баяндама құрастырып жазу.

Сабақ мақсаты

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін тану.

Баяндама құрастырып жазу.

Бағалау критерийлері

Стиль ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы талдайды.

Баяндаманың жанрлық ерекшеліктері сақталған;

Баяндаманың стильдік ерекшеліктері сақталған;

Тілдік құралдарды орынды қолданылған.

Тілдік мақсаттар 

Дағдыларды дамыту:

Оқылым, анализ, жазылым, синтез, ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мәтін сөздігінде.

Талқылау сұрағы:

Халықаралық ұйымдар маңыздылығы неде?

Құндылықтарды қалыптастыру 

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Ресурстар

Ғаламтор материалдары, органайзерлер

Оқыту

Сабақ кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Саралау

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ басы

3 минут

2 минут

1-тапсырма: «Ми шабуылы» әдісі. Слайд № 2

Мақсаты: Психологиялық ахуал қалыптастыру. Тақырыпты болжату.

Нұсқаулық:

Суреттерге назар аударыңыз;

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Суреттерді қандай тақырып біріктіреді деп ойлайсыздар?
  • «Бүгінгі сабақ қандай мәселені қарастырады деп ойлайсыздар?

Дескриптор:

Жауабын аргументтейді.

Слайд 3

Сабақ мақсатын оқыңыздар.

Сабақ мақсаты бойынша бағалау критерийлерін жасаңыздар.

Бағалау критерийлерімен салыстырыңыздар.

Сурет, сұрақтар ұсынылады, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Оқушылар өздерін дескриптор бойынша тексеріп, «Үш айдарлы» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақ ортасы

5+10 минут

10+5 минут

1-тапсырма: Жеке жұмыс

Мақсаты: Публицистикалық стиль ерекшеліктерін тану

Дескриптор: Стиль ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы талдайды.

Нұсқаулық: Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

Талдау аспектілері

Жауап

1

Мазмұны

Жаһандану заманындағы ынтымақтастық қажеттілігі

2

Мақсаты

Әлем халықтарын бірігуге шақырады.

3

Жанры

Мақала

4

Стилі

Публицистикалық

5

Құрылымы

Кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.

6.

Лексикалық ерекшелігі

Тұрақты тіркестер, эмоционалды-экспрессивті сөздер, әлеуметтік сала терминдері

7.

Синтаксистік ерекшелігі

Атаулы сөйлемдер, риторикалық сұрақ, бірыңғай мүшелер, құрмалас сөйлемдер.

8.

Мәтіндік ерекшелігі

  • Мәтін публицистикалық стильде болғандықтан, бірінші, үшінші жақта жазылған;
  • Ой тұтас берілгендіктен, 3 абзацпен берілген;
  • Автордың бірлікке шақырған даусы айқын.

 

 Жаһандану – соңғы жылдары құлаққа жиі шалынып жүрген сөздердің бірі. Жаһандану пайдасы туралы сөз қозғайтын болсақ, жаһанданудың адам баласына берген игілігі – әлем елдерінің бір-біріне ашылуы, яғни адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастап, сенімсіздіктің азайғандығы. Егер осы заманға дейін адамзат бір-бірімен қырғын соғыста болса, болашақта бір-бірімен қол ұстасып құтқару жолын іздеуі тиіс. Бұл да адамзаттың рухани кемелденуі нәтижесі деп тәубе етеміз!

 Жаһандану тек халықаралық ынтымақ арқылы ғана жүзеге асады. Осы төңірегінде «не себепті азуы алпауыт мемлекеттер бірігу саясатын ұстануда?» деген заңды сұрақ туындайды. Ең алдымен, оған себеп бүкіл жер ғаламшар мəселелерінің белең алуы, алауыздықты қойып, оларды бірлесе шешу әлдеқайда оңайға соғады! Тіпті кей жағдайларда тек бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып бірігу жолымен ғана шешу мүмкін болады. Алтыбақан алауыз әлемді біріктіруге түрткі болған адамзаттың жаһандық мәселелеріне азық-түлік, кедейлік, энергетика, экология мен тұрақты даму, әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі, демография, пандемия сияқты табиғи аждаһалар жатқызылып жүр. Әрине, бұл тізім тұрақты емес, себебі – жаңа заманымен жаңа мәселе туып отыратыны заңды.

 Қазіргі кездің өзінде Африканың бірқатар мемлекеттерінде аштық жайлап, адамдарды өмірлік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырса, Батыс елдерінде тамақтану теңгерімсіздігі байқалады. Енді бірқатар кедей мемлекеттер адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алмауда. Ал кедейліктің белең алуы қылмыстың таралуына себеп болып, тек ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақсыздықты тудырады. ХХ ғасырдағы дамыған елдердің ашкөздігі мұнай, көмір, уран, т.б. отын түрлерін аса көп мөлшерде пайдалану жер асты байлықтарының күрт азайып, толықтай жойылып кету қаупін тудыруда. Жығылғанға жұдырық дегендей, қазіргі кезде әлемдік мұхит адамзаттың қоқыс, ядролық қалдықтарын тастау алаңына айналып, мұхиттың өліміне әкелетін үлкен қауіп болып тұр. Ойланып көріңіздер!!! Егер әлемдік мұхиттағы тіршілік құрыса, сасыған су қоршаған құрлықта да өмірдің жалғасуы екіталай емес пе?! Қайнау жетіп тұрған тағы бір қарама-қайшы құбылыс демографиялық мәселе, яғни дамушы елдердегі халық санының күр өсуі мен дамыған елдердегі халықтың орташа жасының қартаюы.

 Жалпы айтсақ, ХХІ ғасырдағы жағадан алып тұрған тұтқиылды мәселелер бүкіл халықаралық ұйымдар басшыларын жарғақ құлағын жастыққа тигізбей алдын алу шараларын ұйымдастыруға міндеттеп отыр. 

 

2-тапсырма: Жеке жұмыс

Мақсаты: Баяндама құрастырып жазу.

Нұсқаулық:

Сіз 1 мамыр – Бірлік күніне арналған жиынға қатысып, Достық үйінің сахнасында халық алдында баяндама жасайсыз. Тақырыбы: «Халықаралық ұйымдар - ортақ үйімізді сақтаудың кепілі». Сол баяндаманы дайындап, оның мәтінін жұбыңызбен талқылаңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Баяндаманың жанрлық ерекшеліктері сақталған;

Баяндама құрылымын ұстанады;

Баяндаманың стильдік ерекшеліктері сақталған;

Эмоционалды-экспрессивті сөздер, қарата сөздер, қыстырма сөздер, риторикалық сұрақ, әлеуметтік сала сөздерін қолданады.

Тілдік құралдарды орынды қолданылған.

Мәтіндегі ақпаратты, тұрақты тіркестерді орынды қолданады.

Құрылымы

Оқушы жауабы

  • Қараптпа сөз;
  • Мәселемен таныстыру;
  • Мәселені шешуге шақыру;
  • Шешу жолын ұсыну;
  • Шешімнің артықшылықтарымен таныстыру
  • Жарқын болашаққа сенімін білдіру
  • Қоштасу

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.

Алдыңғы жұмыстағы мәтінді пайдаланады.

Оқушылар өздерін жауап кілті арқылы бағалайды.

Жұпта бір-біріне дескриптор бойынша кері байланыс береді.

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия «Ет тартқыш» әдісі

Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімін бағалау.

  • Тапсырма орындауда не қиын болды?
  • Қандай сөз сіз үшін жаңалық болды?
  • Тапсырма пайдалы болды ма?

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?

Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан –да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу