Көшеде өткен кезбе өмір. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 (L1)

Қатысқан оқушылар: саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік

Сабақтың тақырыбы

Көшеде өткен кезбе өмір

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН4. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

 Сабақтың мақсаттары

 .

Мәтіндегі бейнелі сөздердің астарлы мағынасын таниды.

 Дифференциацци

Барлық оқушылар: Өз көзқарастарын білдіріп айтады және жазады.

Көптеген оқушылар: Бейнелі сөздер,эмоциялы сөздерді анықтай алады және жазба жұмысында қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Айтылымда және жазылымда өз пікірлерін ашық айта алды.

 Бағалау критерийлері

1.Өз көзқарастарын білдіріп айта алады.

2.Мәтіндегі астарлы мағынаны аша алады.

4.Стильді сақтай отырып, үндеу хат жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бейнелі әрі нақты сөйлей отырып негізгі мағынаны таниды, ойларын тұжырымды жеткізеді, айтылған пікірлермен салыстырады. Негізгі мәселе бойынша өз көзқарастарын жазады, талқылайды.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану

презентация

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқылым стратегияларын меңгеріп, конспект құрастыра алады.

Әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталаста стильді орынды қолданады, ғылыми мәліметтерді салыстырып айтады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

Басы

2 минут

10 минут

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Ширату жаттығуы «Импульс» ойыны

http://kostanaytany.kz/archives/16867

Сабақтың ортасы

20 минут

3 минут

1- тапсырма. Топтық жұмыс

1.Мәтінді оқу.

2. ПОПС формуласы бойынша сөйлеу.

«Менің ойымша …»

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»

«Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын…»

«Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім»

3.Мәтіндегі бейнелі сөздердің астарлы мағынасын ашу.

Көшеде өткен кезбе өмір немесе қаңғыбастар қашан азаяды?

Әлемде қаншама тiршiлiк иесi болса, соншама тағдыр бар. Расында, сырттай қарағанға бiрдей көрiнгенмен, әр тiршiлiк иесiнiң тағдыры, өмірі әртүрлі. Бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды.

Тағдыр болғасын оның тартысқа толы болатыны ақиқат қой. Ал, тартыс болған жерде, бiреудiң жеңiлiп, келесi бiреудiң жеңiске жететiнi тағы бар.

Бүгiнде "бомж" десе, бәрiмiз тіксіне қаламыз. Бойымызды қорқыныш билеп, жолда кезiксек, жанынан тезiрек өтiп кетуге асығамыз. Сөйлессе, жауап бермеймiз.

Дегенмен, "бомждар" ұсқынсыз болсын, кiрқожалақ, лас болсын, ауыздарынан арақ иісi құрғамасын – бәрiбiр оларды "бомж" деп атауымыздың, шеттетiп бөлектеуiмiздiң өзi ұят. Өйткенi, олар да ет пен сүйектен жаралған пенде. Қайсысы болсын, тағдырдың тәлкегiне шыдамай, басына түскен ауыртпалыққа қарсы тұра алмай, мойынсұнып кеткендер болу керек. Бұл "бомждарды" ақтағанымыз емес, өйткенi олар бұл өмiрге "бомж" болып келген жоқ. Сонда оларды осындай халге түсiрген кім? Қазiргi таңда қалада үйсiз-күйсiз жүрген кезбелердiң саны әжептеуiр көп екенiн бiлемiз. Бiр ғана темiр жол вокзалының маңайынан олардың 20 шақтысын кезiктiруге болады. Әсiресе, вокзал алдындағы орындықтарда, бос алаңқайларда ұйықтайды. Күндiз көше бойында жүрiп, қайыр сұрап күн көредi. Осындайда жыр жүйрiгi Төлеген Айбергеновтiң күнделiгiне жазған "Көшеде мас жатыр. Үстi-басы жан түршiгерлiк. Ай келбеттi ару дүниенiң ақ жүзiне нақақтан күйе жағып, қасиеттi Жердi ластаған қасиетсiз де масқара өмiр көшеде жатыр…" деген тiркесi сананы саялайды…

Бағалау критерийлері:

  • Өз көзқарастарын білдіріп айта алады.
  • Мәтіндегі астарлы мағынаны аша алады.

Сергіту сәті. «Көз жаттығуы»

https://www.youtube.com/watch?v=-2g_Buoxzmc

Сабақтың соңы

7 минут

Бұл сабақта мен анағұрлым маңызды мәселені айқындадым...

Мен мына мәселелерге көңіл аудардым,.. себебі...

Үйге тапсырма. Кедей мен қайыршының айырмашылығы неде? Ойларын дәптерге жазып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Өздерді

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

ОйлануСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Бала неге қылмыс жасайды? ЖЖ "Талқыла, пікір білдір, түйінде“

Тапсырма

Төмендегі мәтінді оқып, ойыңызды жинақтап, бала тәрбиесіне сіздің білдірер пікіріңіз бар ма? Көтерілген мәселені 3 сөйлеммен түйіндеңіз.

Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді.

Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын?

1-ТОП

Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі?

С Талқылап ортаға ой тастайды.

Тапсырма. Баланың қылмыс әлеміне енуіне кімдер себепкер?

  • 2 нақты, дәлелді ой айтыңыз. 1 күмән келтіретін пікір тастаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын айта біледі.
  • Ойын дәлелді пікірлер жеткізе алады

Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.

Тапсырма Асты сызылған сөздерге мән беріп, оның қолданылу себептерін түсіндіріп өтіңіз.

Бала құқығы

Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы.

Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды? Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді. 16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу