Стиль. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.
Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.- Жұртшылықты көптен хабардар етеді.- Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.- Шешендік сөзді көп қолданады.«Шығыс ұлына хат» ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап ерлікке шақырған, халақ рухын биікке көтерген, қызуы мол публицистикалық туынды. Жауынгердің Отанға деген зор сүйіспеншілігін, елдің нұрлы келешегін қорғаудағы ерен ерлігін автор тарихи философиялық тұрғыда былай тұжырымдайды: «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз Шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, орыс халқының батырлары Суворов, Кутузовтардан екінші үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің, Абай мен Амангелдінің балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистік немістің қанымен суарылуы керек. Серт осы болсын!».
Өмірдің әрбір сәтін қатты бағалап, шексіз сүйген Баубек кейіпкері адам бойындағы гуманистік сезімдерді дамыта отырып, ғажайып ерліктердің тууына жол ашады: «Отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзінің сұлу шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді. Ойлашы, Шығыс ұлы, біз ел сенген ерміз, қалайша туған жерді қолдан береміз? Сен еркіндіктің туын көтерген азат елде өстің. Ортаң бүлінбесін, сүйген сұлуың күң болып зарламасын десең, өлтір жауды, өлтір фашисті! Шығыс ұлы, сенің ауыр минутта өлсем артымда балам бар, атым өшпейді деп мақтанғаның әлі есімде. Екі жастағы кішкене бөбегің саған өлімнің алдында әл, қуат болып еді. Ендеше, сол балаң келешекті болсын десең өлтір жауды, өлтір фашисті!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?