Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.


№1 таратпа

Топқа бөлу. Теріс қаратылған қиынды қағазды таңдау.

№2 таратпа

  • 1-топ. Алғашқы екі жақты сауда түсінігі қашаннан бастап дамыды? Екі жақты келісімді сауда ұсынатын үш өнімді атаңыздар. Осы заттарды алуға болатын екі жерді атаңыз. Екі жақты сауданың 10 принципін атаңыздар.
  • 2-топ. Экономикалық бірігу, экономикалық одақ дегенді қалай түсінесіздер? Мысал келтіріңіздер.
  • 3-топ. Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда қатынастары туралы не ойлайсыздар? Мысал келтіріңіздер.

№3 таратпа

Ғылыми стиль теориясы

https://ppt-online.org/306598

 Ғылыми стиль –табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін стильдердің бірі. Ғылыми стильдің мақсаты – бізді қоршаған шындықты мүмкіндігінше дәл және толық түрде түсіндіру. Ғылыми стильдің жанрларына монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер т.б. жатады.

• Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:• Логикалылық• Айқындылық• Дәлдік

 Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі.• Айқындылықтың мәнісі – үлкенді-кішілі пікірлердің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі.• Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн.

 Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:Ғылыми шағын стиль;Оқулық-ғылыми шағын стиль;Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.

 Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім, ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына, интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным-сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты – ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.

 Ғылыми стильдің лексикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен ескеретін жағдай терминдерге қатысты болмақ. Терминдік дара сөздер мен сөз тіркестері екі түрлі: таза ғылыми терминдер және көпшілікке түсінікті терминдер.

 Ғылыми стильдің ерекшеліктерін танытатын көрсеткіштердің бір түрі –морфологиялық тұлғалар. Зат есімдердің қолданылуында қызықты жайлар кездесіп отырады. Сөздердің өздері жекеше келіп, көптік мағынаны білдіреді. Жекеше түрде қолданудың ыңғайлы тәсілі ғылыми атақ, дәрежелер мен мекеме атауларына байланысты болып келеді.

 Есімдік пен етістік қиысу арқылы көпше түрде жұмсалып, жекешелік мағынаны білдіретіні бар.

 Етістіктің шақ категориясының стилистикалық қызметі әр алуан. Ғылыми стильде баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштары да көп жұмсалады.

№4 таратпа

Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары

Тақырып

  • Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?

1. Кіріспе

  • Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады.

2. Негізгі бөлім

  • Негізгі бөлімде қысқаша баяндаудан кейін негізгі деректерді келтіріп, түпкілікті ойды түсіндіру керек. Талқылау тудыратын сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап іздейді.

3. Қорытынды

  • Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.

Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.

№5 таратпа

Мақалаға қажетті сөздер: Жаһандану үрдісі, экономикалық интеграция, инвестициялық келісім, еркін сауда аймағы, кедендік одақ құру, саясаттық одақ, интеграциялық үдеріс, ортақ нарық, стратегиялық әріптес, ресми растау, валютаның құнсыздануы, индустриялық-инновациялық әріптестікті дамыту, ерекше бағалау.

№6 таратпа

Тапсырма. Талдау.

Төмендегі кестені пайдаланып, топта талдау жасаңыздар.

Топ мүшелерінің аты жөні:________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу