Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.


№1 таратпа

  • Интеграциялық бірлестікке енетін елдердің экономикалық даму деңгейлері шамалас болуы тиіс

2. Интеграциялық бірлестікке енетін елдердің географиялық жақындығы, мен тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстары болуы тиіс;

3. Елдер арасында экономикалық даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саяси қарым-қатынаста мәселелер ортақ болуы тиіс.

№2 таратпа

Экономика

интеграция

№3 таратпа

№4 таратпа

Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары

№5 таратпа

№6 таратпа

Үлгі:

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАДЫ

Жаһандану үрдісі кең етек алған XXI ғасырда әлем елдерінің алдында туындаған жалпы ортақтық сипаттағы мәселелер адамзат баласын алаңдатпай қоймайды. Мұндай мәселелердің шешілуі барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шараларын қажет етеді. Ал әрекеттер мен шаралар тиімді әрі нәтижелі болу үшін үйлесімділік қажет. Мемлекеттер арасындағы әрекеттерді үйлестіруге апаратын бірден-бір жол интеграция болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи құжатқа қол қойғаны баршамызға мәлім. 2015 жыдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін жаңа одақ оған енген мемлекеттердің халқы үшін игілікке қызмет жасайтын болады. Олай дейтінім, экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтады. Экономиканы дамыту арқылы одан әрі беріктендіре түсуге ықпал етеді. Себебі, интеграциялық бірлестіктердің өзегінде экономикалық прагматизм, өзара сыйластық, барлық шешімді қабылдауға қажетті тең құқықтылық және ашықтық жатыр. Сондықтан Еуразиялық одақты құру басқалардан іргемізді ажырату үшін емес, керісінше, басқа серіктестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату үшін құрылып отыр. Олай болса, экономикалық одаққа бірігуден мемлекеттер тек қана ұтысқа ие болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес. Себебі, қандай да бір мемлекет өзге елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды» деген болатын. Шыңдығында да қазіргі заман экономикалық интеграцияның заманы. Экономикалық тұрғыдан жасалып отырған тиімді бастама Қазақстанның әлеуетіне оң ықпал етеді. Үш ел тауарларының еркін қозғалысы алыс-берісті арттырып қана қоймай, бірлескен кәсіпорындар құруға да бірегей мүмкіндік бермек. Үш ел арасында қызмет жасап жатқан Кедендік одақ та кең өріс алмақ. Еуразиялық интеграция аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің экономикасы бұрынғысынан да қарқынды дамитын болады. Өйткені Қазақстанда жалпы нарыққа, бизнеске арналған жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. Біздің елімізде теміржол құрамдары, жүк көліктері мен электротехника салалары қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар одақ аясында әр кәсіпорын өз қызметін емін-еркін жүргізетін болады. Ол үшін қосымша лицензия немесе тағы басқа келісім-шарт әзірлеудің қажеттілігі туындамайды. Жаңа нарық әр кәсіпорын мен әр азамат үшін ұтымды болады.

Елбасы «Минск-Мәскеу-Астана-Алматы» бағдары бойынша жүрдек теміржол магистралін салу, қолданыстағы теміржол және автокөлік жолдары желісін жаңғырту мәселелерін көтеріп отыр. «Әсіресе, Батыста – Еуропалық елдерге, ал Шығыста Қытайдың көлік жүйесіне шығатын бағыттар ескерілуі шарт. Сондай-ақ «Каспий-Қара теңіз каналы» жобасын жүзеге асыру қажет. Бұл көліктік коммуникациялар біздің экономикаларды қаншалық ықпалдастыруға бел буып отырғандығымызды көрсетеді және оған басқалары назар аударады», – деді.

Еуразиялық одақтың құрылуы бұл мүше елдердің XXI ғасырдың күрделі әлемінде өзінің сенімді орнын табуға мүмкіндік беретін жол. Осындай Еуразиялық кеңістікті қамтитын бірлестікке енуге көптеген мемлекет басшылары қызығушылық танытып отыр. Демек, бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді.

 

Амангелді АРЫСБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы «Теміржол»

филиалының төрағасы, облыстық мәслихат

депутаты.

№4 таратпа

Мақала жазу талаптары:

1. Тақырып

  • Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?

2. Кіріспе

  • Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек.

3. Негізгі бөлім

  • Бір абзацта 5-6 сөйлем болу керек.

4. Қорытынды

  • Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.

5. Тавтологиядан аулақ болыңыз, түсініксіз сөздерді қолданбаңыз.

6. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығыңыз.

7. Барлық грамматикадан, тыныс белгіден кеткен қателерді түзетуді ұмытпаңыз.

8. Қаласаңыз мақалаңыздың тақырыбын ашатын сурет ұсынуыңызға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу