Cөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 7 сабақ. 1 нұсқа.


М. Серғалиев жанр табиғатын белгілі бір функционалдық стильдің шағын түрлерімен бірлікте алып қарастыра келе, таза ғылыми шағын стиль, оқулық-ғылыми шағын стиль және көпшілікке ғылыми шағын стиль деп бөледі.

Мұндай ғылыми тұжырымдар мәтіндерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Олар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі баяндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты).

 Қазіргі зерттеулерде мәтін көлеміне орай бірнеше түрлері ажыратылады: ірі топ (монография, оқулық, лекциялар курсы т.т.), орта топ (баяндама, мақала, лекция т.т.), кіші топ (баяндама тезистері, аннотация, резюме, рецензия т.т.)

 

 Серғалиев М. Стилистика негіздері: Оқулық. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006

 

 Ғылыми стиль. Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Оған әр мамандық, әр салада жазылған ғылыми шығармалар тілі жатады.

 Ғылыми стиль зерттеу обьектісін – зат не құбылысты ғылыми тұрғыдан сипаттап, дәлелдеп, түсіндіруді керек етеді.

 Ғылыми стильде етістіктерді қолдануда өзіндік ерекшелік байқалады. Көбінесе ғылыми мақалалар мен лекцияларда етістік ырықсыз формада жұмсалады, ол кейде матаса байланысу түрінде кездеседі.

 Мәселен... сұйық шапшаң кепкен кездегі су құбылысы практикада кең қолданылады. Қайнау кезінде сұйықтық температурасы өзгермейді.

 Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан болып, нүктенің орны әдетте екі санмен анықталады. Теріс санның қай-қайсысы болса да оң санның кез келгенінен кіші болады.

 Егер тозаңдалу болмаса, өсімдік гүлдеп, гүлін төгеді, бірақ жеміс салмайды. Сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктердің барлық органдарына жапырақтан органикалық заттар өтеді.

 Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемінің баяндауышы шартты рай формасы арқылы жасалып, екінші компоненті ойды тиянақтау, дәлелдеу, анықтау тәсілдеріне арналады. Мысалы: Бұл денеге қағаз қиқымдарын тақап ұстап көру керек, сонда дене оларды өзіне тартатын болса, ол дененің электрленгені. Егер эбонит таяқша тебілсе, онда оған жақындатылған дененің заряды тектес болғаны... Егер өсімдіктердің тұқымындағы ұрықтың тұқым жарғағы екеу болса, оны қос жарғақтыларға жатқызады...

 Ғылыми стильде есімдіктер көбінесе бірінші жақтың көпше түрінде келеді де, баяндауышы жіктік жалғауда қолданылады. Мысалдар: Бұл тәжірибеде біз токтың механикалық әсерін бақылап отырамыз, электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің өткізгіш ішіндегі реттелген қозғалыс екендігін білеміз, енді біз тек қосу не азайту таңбалары бар кез келген өрнекті қосынды деп қарастыруымызға болады.

 Әрбір ғылым саласының баяндау тәсілінде өзгешелік, ерекшелік болады, көбінесе хабарлы сөйлемдер қолданылады, кейде санамалап көрсететін күрделі конструкциялар пайдаланылады.

 Ғылыми стильде негізгі зерттеу обьектісі болатын зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді, түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен тыңдаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі. Тілдік тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайдаланылады.

 Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. Алматы: «Қазақ университеті», 1991 160 бет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу