Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Қазақ тілі, 9 сынып, нұсқаулық. 6 сабақ.
Қызығушылығын ояту. Оқушыларға биотехнология және гендік инженерия туралы хабардан үзінді көретіледі. Оқушылар бүгінгі күндегі оның орны туралы ойларын, білетіндерін ортаға салады. https://www.youtube.com/watch?v=WlIuzn8w9Eo&list=PLf99pVLbhIDzCTykmN52IN9AEdGrzj30V
«Тілдік орта» әдісі арқылы оқушылар сабақтас құрмалас сөйлемнің мынадай мағыналық түрлерімен танысады. Яғни, оқушылар топтасып отырып, шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді оқып, түсінгендерін ортаға салады.
«Биотехнология – болашақтың ғылымы» тақырыбымен берілген мәтінді оқиды.
«Жағымды, жағымсыз, даулы». Оқылым мәтініндегі авторлар ұсынған ақпараттарды мәселелерге бөліп, автор ойын талқылап, талдап, іріктеп, өз идеяларыңызды ұсыныңыз. Топта ақылдасып, бір мәселеге қатысты қорытынды пікір білдіріңіз.
Жағымды | Жағымсыз | Даулы |
«TED әңгімелері (talks)». «Ел келешегі биотехнологиямен тығыз байланысты, өйткені...». Осы ойды жалғастыра отырып 2 минуттық TED әңгімелерін дайындаңыз. Берілген сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін қолданыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды