Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.
Дидактикалық материал
https://www.metod-kopilka.ru/adamny_ytary_zhne_olardy_orau-59364.htm
1-мәтін
Адам құқығы туралы ұғым
Адам құқығы дегенiмiз- жеке тұлғалардың қоғамдық қатынастардағы әртүрлi мәселеге байланысты құқықтық қатынастарды реттейтiн iс-әрекеттерiн айтады. Адам құқығы көптеген қатынастарында қорғалатын болуы тиiстi. Барлық адамдар негiзгi нақты құқықтар мен бостандыққа ие болады. Адам құқығы жалпыға тән және әмбебаптық сипаттан тұрады. Оның себебi адам құқығы әр алуан мәселелерге кез болады, атап айтқанда: еңбек ету, бiлiм алу, жанұя құру, баланы тәрбиелеу,ғылым салсыман айналысуға, мемлекеттiк қызметке кiру, өзiнiң және мемлекеттiң мүддесiн қорғау, отан алдында азаматтық боршын өтеу т.б.
Адамның барлық құқығы мен бостандығы мазмұнына қарай әмбебапты яғни жан-жақты қамтитын болады.
Мемлекеттегi саяси режимге, оның орналасу, басқару нысанына қарамастан адамның күнделiктi пайдаланатын барлық адамдардың құқығы мен бостандығына мыналар жатады: өмiр сүру құқығы; заң алдында теңдiгi; еркiн түрде жүру-қозғалуы құқығы; азаматтыққа деген құқығы; өзiнiң еркiн көнуi құқығы. Адам қайда болса да және басқа жерде жүрсе де өзiнiң мына табиғи құқығынан және бостандығынан айрылмайды. Адам құқығынынң мәселесi-ол жалпыға тән адам құқығы болып табылады.
Адамның негiзгi құқығы мен бостандығын тану және оны сақтай бiлу- әр мемлекетте және бүкiл әлемдiк шеңберде қаупсiздiк пен бiрқалыпша тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Конституцияда мемлекеттiң негiзгi заңдарында және халықаралық нормаларда адамның негiзгi iргелi құқықтары және бостандықтары бекiтiлген. ҚР Конституциясының II-Бөлiмiнде: “Адам және азамат” 10-баптан бастап 39-бапқа дейiн адамның және ҚР заматтарының құқықтары туралы толық айтылған. “ҚР Азаматтығы туралы” ҚР Заңы.,20.12.1991ж., I-тараудың, 1-бабында “Азамат және мемлекет” адам құқығын сақтау туралы айтылған. Онда мемлекет органдары және оның лауазымды тұлғалары азаматтардың алдында жауапты екенi және республика азаматтарының ҚР алдында жауапты екенi айтылған. Адам мiндеттi түрде белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болуы керек. Бiрақ дүниежүзiлiк шеңберде азаматтығы жоқ тұлғалар да кездеседi. Ондай жағдайда азаматтығы жоқ тұлғалар “аппатрид” деп аталады.Азаматтығы жоқ тұлғалардың жалпы және негiзгi құқықтары толық сақталады. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға тек ҚР Азаматтары өз ерiктерiмен қатысуға құқылы болады. Ал шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР аумағында мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға құқығы жоқ. Бұл туралы ҚР конституиясында және басқа да заңнамаларда көрсетiлген. ҚР Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бастандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.
2-мәтін
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның қандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жоқ, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Конституциялық-құқықтық мәртебе - Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:
негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;
азаматтық;
құкық мәртебесінің кепілдіктері.
«Мәртебе» (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда «ахуал, жағдай» деген мағынаны білдіреді.
Құқықтық мәртебенін түрлері
Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат,министр, судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру