Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.


Дидактикалық материал

Сөз бостандығы

« Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына қатысты қандай да бір қиындықтар бар деп айту қиын, өйткені билікті ашық сынайтын «Тасжарған», «Свобода слова» секілді тәуелсіз басылымдардың ашық түрде таралып, халық қолына баруы - бұл елдегі сөз бостандығының алғышартының негізі болмақшы. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы бар деп айта аламыз»,-деп айтқан болатын Т.Әбішев.

Сөз бостандығы - мемлекеттің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығынсыз азаматтық қоғамды, демократиялық басқаруды, құқықты мемлекетті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Азаматтардың Конституция арқылы кепіл болған саяси құқығының бірі - сөз бостандығы. Сөз бостандығын «демократиялық құндылықтарды іске асырушы» деуге де болады.

Прогрессивті зиялы қауым сөз бен сөз бостандығын ерекше қастер тұта білген. Сөз бостандығының негізгі қозғаушы күштерінің бірі-интеллектуалдық элита, зиялы қауым болып саналады.

Зиялы қауымның бостандық пен әділеттілікке жаны құмар ержүрек болған сайын сөз бостандығы да жоғары деңгейде болмақ. Ал,егерде зиялы қауым жағымпаз, жасық болса, ондай қоғамда сөз бостандығы күрт төмендеп кетуі мүмкін. Сөз бостандығы ақпараттық қауіпсіздікпен бір жүруі шарт. Бостандық пен теңдікке қол жеткізген халық өзін-өзі басқаруы үшін сөз бостандығы болуы аса маңызды. Сөз бостандығының экономикалық әсері зор. Заң ауқымы бойынша жүзеге асырылатын бостандықтың ерекше түрі - сөз бостандығы. Сөз бен бостандық ажырамайтын бірлікте бола отырып, сөз иесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Бұған тоқталар болсақ, «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды», «Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді» деген мақалдарынан дана халқымыз сөздің жауапкершілігі ауыр екендігін айтып өтсе керек.

Сөз бостандығы - «Ақпарат бостандығы» атты атауға ие болған фактор. Адам баласы өз пікірін білдіруге, баспасөзде болсын ашық жариялауға немесе пікір білдіруден бас тартуына да сөз бостандығы мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленіп тұрады. Сондай-ақ сөз бостандығы халықаралық стандарт пен нормаларға негіз бола алады және де журналистің шығармашылық негізін қамтамасыз етуші негізгі күш болып табылады.

Батырбек Гүлайым Ермекқызы

Адам құқықтары мен бостандықтары

Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген либерализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу