Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.
Жазылымға дайындық.
Төмендегі кесте және суретпен мұқият танысыңыз. Төмендегі сұрақтарды жұпта талқылап, жауап беріңіз.
- Бағдарламаның мақсаты қандай?
- Бұл бағдарлама кімнің бастауымен жасалған?
- Осы бағдарлама арқылы қандай міндеттерді шешу көзделіп отыр?
- Осы бағдарлама аясында қандай көмектер көрсетіледі?
- Бағдарлама қатысушысы болу үшін қандай қадамдарды орындау керек?
- Бұл бағдарлама пайдалы деп ойлайсың ба?
- Қандай артықшылықтары бар?
- Сенің ойыңша, нені жетілдіру керек?
Бағдарлама паспорты
Атауы | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы |
Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
Мақсаты | Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту.
|
Міндеттері | Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту; атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру; |
Іске асыру мерзімдері және кезеңдері
| 1-кезең – 2015 жыл 2-кезең – 2016 – 2020 жылдар |
Нысаналы индикаторлар | 2020 жылға қарай: жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады; жастар (15-28 жас) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 %-дан аспайтын болады |
Қаржыландыру көздері және көлемі | Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте 2015 жылға 37,3 млрд. теңге көзделген. Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
Жазылым тапсырмасы.
Жұмыссыз адамдарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын таныстырып, графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсіндіріп жазыңыз.
Мәтін құрауда төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Кіріспе бөлімде:
- Кімдерге бағытталғанын жазыңыз.
- Оқырманның назарын аударыңыз. (суреттегі риторикалық сұрақтардан бастауға болады.)
Негізгі бөлімде:
- Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- Бағдарламадан күтілетін нәтижеге тоқталыңыз.
Қорытынды бөлімде:
- Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
- Қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:
- Мәтін құрап жазады;
- мәтін құрылымын сақтайды;
- графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады.
- өз көзқарасын білдіреді;
- байланыстырушы сөздерді орынды қолданады.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды