Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Жұмыспен қамту бағдарламасы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі(кесте, диаграмма) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсінеді;
  • маңызды тұстарды анықтай алады;
  • деректерді негізгі ала отырып, мәтін құрайды.

 Бағалау критерийлері

 

  • Графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсінеді;
  • маңызды тұстарды анықтай алады;
  • деректерді негізгі ала отырып, мәтін құрайды;
  • мәтін құрылымын сақтап жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жазылымға қажетті сөз тіркестері:

 Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Мұғалім тақырыпқа қатысты бірнеше графиктік мәтіндерді сынып бөлмесіне іледі. Оқушылар 1 минут ішінде танысады және төмендегі сұраққа жауап береді.

Сынып қабырғасындағы суреттерді не біріктіреді?

Қабырғадағы парақтан қандай ақпарат алдыңыз?

Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

5 минут

Жазылымға дайындық.

Мұғалім оқушыларға «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы кесте және суретті ұсынады. Оқушылар графиктік мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарды жұпта талқылайды.

Тапсырма.

Төмендегі кесте және суретпен мұқият танысыңыз. Төмендегі сұрақтарды жұпта талқылап, жауап беріңіз.

  • Бағдарламаның мақсаты қандай?
  • Бұл бағдарлама кімнің бастауымен жасалған?
  • Осы бағдарлама арқылы қандай міндеттерді шешу көзделіп отыр?
  • Осы бағдарлама аясында қандай көмектер көрсетіледі?
  • Бағдарлама қатысушысы болу үшін қандай қадамдарды орындау керек?
  • Бұл бағдарлама пайдалы деп ойлайсың ба?
  • Қандай артықшылықтары бар?
  • Сенің ойыңша, нені жетілдіру керек?

Жазылым тапсырмасы.

Талқылаудан соң, оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды. Оқушылар графиктік мәтіндегі ақпараттарды толық түсіндіретін, тұтас мәтін құрайды. Жеке көзқарасын білдіре жазады.

Жұмыссыз адамдарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын таныстырып, бағдарламаға жеке көзқарасыңды білдіріп мәтін құраңыз. Мәтінде маңызды тұстарды анықтап жазыңыз.

Мәтін құрауда төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Кіріспе бөлімде:

  • Кімдерге бағытталғанын жазыңыз.
  • Оқырманның назарын аударыңыз. (суреттегі риторикалық сұрақтардан бастауға болады.)

Негізгі бөлімде:

  • Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
  • Бағдарламадан күтілетін нәтижеге тоқталыңыз.

Қорытынды бөлімде:

  • Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
  • Қорытынды жасаңыз.

Дескриптор:

  • Мәтін құрап жазады;
  • мәтін құрылымын сақтайды;
  • графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады.
  • өз көзқарасын білдіреді;
  • байланыстырушы сөздерді орынды қолданады.

Оқушылар мәтіндерімен жұпта ауысады. Оқушылар жұпта бірін-бірі дескрипторға сай бағалайды.

https://prz.enbek.gov.kz/kk/infographs

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға рефлексия парағын үлестіреді. «Сэндвич» тәсілі арқылы оқушылар рефлексия береді.

Жағымды пікір: Не ұнады?

Сындарлы пікір: Нені жақсарту керек?

Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу