Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Дидактикалық материалдар
1-топ.
- Ғалым – ата, сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
- Мен 1922 жылдың 29 маусымында Шал ақын ауданының Бағанат ауылында дүниеге келгенмін.
- Сіз майданға қай жылы аттандыңыз?
- Соғысқа мен 1942 жылдың 7 қаңтарында аттандым.
- Сіз қай жерлерде соғыстыңыз?
- Мен Мәскеу, Дон, Сталинград, Испания, Германияда соғыстым. Барлаушы болдым.
- Майданнан қай жылы оралдыңыз?
- Соғыс аяқталғаннан кейін мені Жапонияға қызметке жіберді, тек 1949 жылы әскерден қайтып, үйге оралдым.
- Соғыстан кейін тағдырыңыз қалай жалғасты?
- Мен мал – дәрігерлік техникумын аяқтап, отбасын құрдым, 5 баланы тәрбиелеп өсірдім. Отан үшін биік лауазымдарда адал қызмет атқардым. Қазіргі таңда Петропавл қаласында балаларымның, немерелерімнің және сүйікті шөберемнің арасында бақыттымын. Ұрпақтарымыздың тәуелсіз елде, татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқандарына қуаныштымын.
http://lib.nkzu.kz/Library/Librarykz/pechat/p439.htm
2-топ. Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың борт-мехнигі болған Мәдина Ысқақованың інісі Құсайын Ысқақов әңгімелескен едік. «Соғыс жайлы айтуды аса ұната бермеймін,» - деп бастады әңгімесін ардагер ата. «Әуелі соғысқа үлкен ағаларым Әбілқасым мен Әбілқасен, кейін әпкем Мәдина кетті. Ағам Әбілқасен де соғыста жан тапсырды. Сол күйі ол жайында еш хабарымыз болмады. Сүйегінің де қайда екенін білмейміз. Қанша іздесек те, еш нәтиже болмады. Ал ағам Әбілқасым мен әпкем Мәдина аман-есен елге оралыпты.
1943 жылдың 10 қаңтарында мен майданға кетіп, 20 қаңтарда ант қабылдадым. Бізді Тайтурка станциясына әкелді. Екі дивизия жасақталды. Мен пулеметшінің оқуын оқыдым, сосын мені авиация алып кетті. Үшінші әуе күшіндегі 368-ЯБ авиациялық истребительдер полкінің құрамында ЯК ЮДД ұшағының мотористі болдым. Ауыр күндерді бастан кешірдік. Талай жас жігіттердің өмірі қиылды. «Ертеңгі күнді қарсы ала аламыз ба?» деп алаңдаумен болдық. Келесі күні тірі боламыз ба, өлі боламыз ба, белгісіз болды.http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9-mamyr/1760/
3-топ. Туған анаңның (Отаныңның) омырауын от шарпып жатыр. Туған әке (Нұршайық) көкірегін оққа төсеп қан майданда жүр... Он сегізден аса бере сол отқа қарай өзім жүгірдім. Алматыдағы аз ғана дайындықтан алған машығым бойынша №100 қазақ атқыштар бригадасының артиллерия дивизиясында зеңбірекші сержантпын. Атыс тоқтай қалса қара дәптерді көк темірге төсеп, тұқыл қарындашпен түртпектеп өлең жазам. Жазбасам жарылып кете жаздаймын. Кеудені кек кернейді. Қиылып жатқан қыршындар көзімнің аясында үйіліп қалады. Көкіректегі өртті өлеңнен басқа ешнәрсе сөндіре алмайды.
– Өлең қазақтың бірге туып, бірге өлетін рухы ғой. Сіздің шырылдаған дауысыңызды ағаларыңыздың құлағына жеткізген сол өлең шығар?
– Ұр зеңбірек, зәріңді төк, зіркілде,
Алға, солдат, Отан үшін іркілме!
Қайратыңа қайтадан мін, қаһарлан –
Мынау соғыс бітер емес бір күнде!
Осы жолдарды умаждалған дәптерге түсіре бергенім сол еді, ту сыртымнан тосын бір дауыс саңқ ете қалды.
– Ей ақын, сен мақала жаза аласың ба?
– Жазамын, – дедім жалт қарап. Ұзын бойлы, ашаң лейтенантқа қолымды шекеме көтеріп құрмет білдіре бергенімде артиллерия дайындық дабылын қағып, тіл қатысуға мұрша бермей қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды