Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Мұғалім үшін қосымша көмек
http://wol.jw.org/kk-cyrl/wol/d/r43/lp-az/1102001075
Не істеуің керек?
Тыңдаушылар айтылған ойды оңай ұға алу үшін белгілі бір сөздер мен сөйлемшелерге екпін түсіріп, айрықшалау керек.
Бұл неге маңызды?
Логикалық екпін дұрыс түсірілсе, тыңдаушылардың назары басқа жаққа ауып кетпейді, әрі бұл айтылған нәрсеге олардың көзін жеткізуге және іс-әрекетке талпындыруға көмектеседі.
СӨЙЛЕГЕНДЕ немесе дауыстап оқығанда, сөздерді дұрыс айтып қою ғана емес, ойды анық жеткізетіндей етіп негізгі сөздер мен сөйлемшелерді айрықшалап айту қажет.
Логикалық екпінді дұрыс түсіру кез келген сөзді, не тіпті көп сөзді, айрықшалап айтуды білдірмейді. Оны дұрыс істеу үшін тек қажетті сөздерге екпін түсіріп, айрықшалап айту керек. Егер екпін керек емес сөздерге түсетін болса, тыңдаушылар сенің не айтқаныңды түсінбей, ойлары басқа жаққа ауып кетуі мүмкін. Материал жақсы болғанымен де, егер логикалық екпін дұрыс түсірілмесе, тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру қиын болады.
Логикалық екпінді әр түрлі тәсілмен түсіруге болады және олар көбінесе қабаттаса қолданылады: мысалы, дауысты күшейтуге, ерекше сезіммен айтуға, баяу және айқынырақ сөйлеуге, назар аударылатын сөздердің алдында немесе кейін (не айтқанға дейін де, кейін де) кідіріс жасауға және ым-ишаратпен білдіруге болады. Кейбір тілдерде сөздерді дауыс сарынын жоғарылату не төмендету арқылы айрықшалауға болады. Бұл тәсілдердің қайсысы тиімді болатыны сөйлейтін сөзіңнің мазмұны мен қандай жағдайда айтылатынына байланысты.
Қай сөзді айрықшалап көрсету керектігін шешерде, келесі жайттарды ескер: 1) Сөйлемде қай сөздерге екпін түсіру керектігін анықтау үшін сөйлемді ғана емес, мәнмәтінді де қарау керек. 2) Жаңа ой басталған жерге екпін түсіруге болады. Бұл, мысалы, негізгі бөлімдердің бірі немесе ойдың жаңа бағытта дамитынын көрсететін сөздер болуы мүмкін. Сонымен қатар логикалық екпінмен бір ойдың аяқталғанын да көрсетуге болады. 3) Логикалық екпінді қолдану арқылы баяндамашы талқылап жатқан сұраққа өзінің қалай қарайтынын көрсетуіне болады. 4) Логикалық екпінді баяндаманың негізгі ойларына көңіл бұру үшін де қолдануға болады.
Осындай жолдармен логикалық екпінді дұрыс түсіру үшін, баяндамашы немесе дауыстап оқушы өз материалын жете түсініп, оны тыңдаушыларына жеткізуге деген шын ықыласы болу керек. Езраның заманында нұсқаулар қалай берілгені туралы Нехемия 8:8-де былай деп жазылған: “Кітаптан Құдайдың заңдарын анықтап оқыды, әрі мағынасын түсіндіріп отырды, сондықтан халық оқылған нәрселерді түсінді”. Бұл жерден Құдайдың заңын оқып, оны түсіндіргендер халықтың айтылғандардың мәнін ұғып, өмірде қолданғандары маңызды екенін түсінгенін анық көруге болады.
Қиындық неден тууы мүмкін? Күнделікті әңгімелескенде, адамдардың көбісі өз ойларын қиналмастан анық жеткізе алады. Алайда біреудің жазған мәліметін оқығанда, олар қай сөзге не сөздерге екпін түсіру керектігін білмей, қиналып қалуы мүмкін. Бұл жерде ең бастысы — мәтіннің мағынасын жақсылап түсініп алу. Бұл үшін оны мұқият зерттеу керек. Егер саған қауым кездесуінде оқып беру тапсырылса, жақсылап дайындал.
Кейбір адамдар логикалық екпіннің орнына, мағынасына сай келе ме, жоқ па, оған қарамай, сөздерге белгілі бір аралық сайын екпін түсіріп отырады. Өзгелері болса, мысалы, көмекші сөздерге көбірек көңіл аударады. Егер адам ойдың мағынасын айқындауға көмектеспесе де, қандай да бір сөздерге екпін түсіре берсе, бұлай ету әдетке айналып кетеді, ал бұл тыңдаушылардың көңілін бөледі.
Кейбір баяндамашылар логикалық екпін түсіру үшін даусын көтеретіні сонша, тыңдаушыларға бұл ұрсып жатқандай әсер қалдыруы мүмкін. Әрине, мұндай тәсілдің жақсы нәтиже беруі екіталай. Егер сөздерге екпін түсіргені табиғи болмаса, тыңдаушыларға баяндамашы өзін жоғары санап тұрғандай көрінуі мүмкін. Сондықтан да оларға сүйіспеншілікпен сөйлеп, айтқандарыңның Киелі кітапқа сәйкес әрі ақылға қонымды екенін көрсете білген әлдеқайда артық.
Қалай үйренуге болады? Көп жағдайда адам логикалық екпінді дұрыс түсіре алмайтынын біле де бермейді, сондықтан мұны біреудің оған айтқаны жөн. Логикалық екпінді дұрыс түсіруді саған да үйрену қажет болса, Мектеп бақылаушысы көмектеседі. Басқа да жақсы баяндамашылардан көмек сұрауға қысылма. Олардан айтып не оқып жатқаныңды мұқият тыңдап, кеңес беруін өтін.
Алғашқыда, кеңес беруші бауырлас “Күзет мұнарасындағы” мақаланы оқып жаттығуды ұсынуы мүмкін. Әрбір сөйлемді талдап және мағынасын түсіну оңай болу үшін бастапқыда ол екпін түсіріп оқуың керек сөздер мен сөйлемшелерді анықтап алуға кеңес берер. Сонымен қатар көлбеу қаріппен жазылған сөздерге ерекше назар аудару керектігін есіңе салуы мүмкін. Сөйлемдегі сөздер өзара тығыз байланысқанын есіңнен шығарма. Көп жағдайда жеке сөздерге ғана емес, сөйлемшелерге екпін түсіріп оқу керек. Кей тілдерде логикалық екпін көбінесе диакритикалық белгілерге байланысты, сондықтан оқушыларды осыған ерекше көңіл қоюға шақырып отырады.
Кеңес беруші бауырлас келесі қадам ретінде сөйлеммен ғана шектелмей, мәнмәтінді де қарастыруды ұсынар. Жалпы абзацтың негізгі ойы қандай? Мұның жеке сөйлемдерде қай сөзге көңіл аударатыныңа қандай қатысы бар? Мақаланың жалпы тақырыбына және тақырыпшаларға назар аудар. Қай сөзді айрықшалайтыныңа бұл қалай көмектеседі? Осы жайттардың бәрін ескер. Бірақ айрықшалайтын сөз тым көп болмасын.
Баяндама айтқанда не оқығанда болсын, кеңес беруші бауырлас логикалық екпінді түсіретін жерді анықтау үшін ойдың даму барысын ескеру керектігін айтуы мүмкін. Саған қисынды өрбіген ойдың қай жерде аяқталатынын, я болмаса бір маңызды ойдан екінші ойға өткен жерді байқап отыру қажет. Осындай жерлерге тыңдаушыларыңның назарын аудару арқылы оларға көп көмек бересің. Мұны біріншіден, екіншіден, ақырында, сонымен, осылайша деген сөздерге екпін түсіру арқылы істеуге болады.
Сонымен қатар кеңес беруші бауырлас назарыңды ерекше сезіммен айтылу керек ойларға аударуы мүмкін. Бұл үшін өте, мүлдем, ешбір, маңызды, әрқашан деген сөздерді айрықшалап айтуға болады. Осылай тыңдаушылардың айтқандарыңды қалай қабылдайтынына әсер ете аласың. Бұл жайында “Жылулық және сезім” деп аталатын 11-сабақта көбірек айтылады.
Логикалық екпінді дұрыс түсіре білуге көмектесетін тағы бір нәрсе — тыңдаушыларыңа жеткізгің келген негізгі ойларды нақты білуің керек. Бұл жөнінде дауыстап оқуға қатысты қарастырылатын “Негізгі ойларға айрықша назар аударып оқу” деп аталатын 7-сабақ пен баяндамаға қатысты қарастырылатын “Негізгі ойларға баса назар аудару” деген 37-сабақта талқыланады.
Егер уағыздау қызметінде жақсарғың келсе, Киелі кітаптың тармақтарын қалай оқитыныңа мән бер. Әрдайым өзіңнен: “Бұл тармақты не үшін оқып жатырмын?”— деп сұра. Тәлім берушінің мақсаты жай ғана сөздерді сауатты оқып беру де, тіпті тармақты мәнерлеп оқып беру де емес. Біреудің сұрағына жауап бергенде немесе негізгі ілімдерді үйретіп жатқанда, тармақтардағы айтқандарыңды растайтын сөздерді не сөйлемшелерді айрықшалап көрсетуің керек. Әйтпесе, тыңдап тұрған адам негізгі ойды байқамай қалуы мүмкін.
Логикалық екпін белгілі бір сөздер мен сөйлемшелерді айрықшалап айту болғандықтан, кейбір тәжірибесі аз баяндамашылар мұны тым айқындап айтуы мүмкін. Бұл енді үйреніп жүрген адамның музыкалық аспапта ойнағанына ұқсап кетеді. Бірақ тәжірибе жинақтай келе, жеке “ноталар” үйлесе нақышына түсіп, құлаққа жағымды әсем “әуенге” айналады.
Енді логикалық екпін түсіруге қатысты негізгі жайттармен танысып алған соң, тәжірибелі баяндамашылардың қалай сөйлейтіндерін бақылап, солардан үйренсең болады. Логикалық екпіннің күшін өзгерту арқылы неге қол жеткізуге болатынын көресің. Сондай-ақ ойды тура жеткізу үшін логикалық екпін түсірудің әр түрлі жолдарын қолдану өте тиімді екенін байқайсың. Логикалық екпінді дұрыс түсіре білу ойыңды дөп жеткізуіңе және жақсы оқуыңа көмектеседі.
Логикалық екпін түсірудің тәсілдерін үстіртін біліп қоя салу жеткіліксіз. Шешендіктің осы қырын жақсылап меңгеру үшін және сөйлегенде логикалық екпінің табиғи болып шығу үшін әрі қарай да күш сала бер.
МҰНЫ ҮЙРЕНУ ҮШІН
Сөйлемдегі негізгі сөздер мен сөздер тобын анықтауды үйрен. Бұл үшін мәнмәтінге ерекше мән бер.
Логикалық екпін арқылы 1) келесі ойға өткеніңді және 2) айтып жатқандарыңа деген өз көзқарасыңды көрсетуге тырыс.
Киелі кітаптан оқып бергенде, не үшін сол тармаққа жүгінгеніңді көрсететін сөздерге екпін түсіріп оқуды әдетке айналдыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды