Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 8 сабақ.
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:
Бөлім | 5-БӨЛІМ: МУЗЫКА ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ ДОМБЫРАСЫ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 7О4 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау деңгейі | талдау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтіндердің стильдік ерекшелігін ажыратады, салыстырмалы талдау жасайды | ||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз. А мәтіні Естемес күйге елігіп, өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бері арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп, әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарылып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп алысқа самғады. Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем майысқан қыз бұлдырап алыстап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым арасынан сыңғырлап күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған талпынады. Естемес қиялынан сергіп, нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңырай-ды. Естемес оны да домбыраның ішегіне іліп әкетті. Күйші көзі Жаңылға түсті… Қыз нардың емшегін қысып ұстап қатып қалыпты. « Апыр-ау, бұл неге саумай тұр», – деп ойлады Естемес. Нардың желіні тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. Кенет оған бір суық ой келіп, шошынып қалды. « Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма–шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңды сазға ауысып күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып барады. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті. « Заманым өткен екен ғой!» – деп аһ ұрып, жалт бұрылды да: – Ар жағын сен тарт! – деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді. Оразымбет домбыраны қағып алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді. Т.Ахтанов «Күй аңызы»
Ә мәтіні Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі – күй. Қазақ күйінің тарихы әріде жатыр. Күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Кешегі замандарда күйлерде халықтың қайғы-қасіреті, азат өмірге ұмтылысы, әділетсіздікке күресі өрнек тапты. Күйдің әуендік-түрлік құрылысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық. Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларында сезім, нәзіктік басымырақ. Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады. Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі. Күйшілердің домбыра қағыстары да әр түрлі. Біреулер «жаппай», «кезектесе», енді бірқатары «шертіп», «шұбыртып» қағады. Күйлердің орындаушылық дәстүрге, қағысына қарай екі түрге бөлінетініне де көзіміз үйреніп келеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі – шертпе. Төкпеде көзге ұратыны – қайрат-өрлік, сергектік, өмірге құштарлық, қиындықтан жасымау, алға ұмтылу. Шертпе күйлер салқынқандылығымен, сабырлылығымен, терең философиялығымен, ой-сырға толығымен ерекшеленеді.. Күй – қазақтың жан серігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген. Күйге бұдан артық баға беру де қиын. Нұрперзент Домбай http://anatili.kazgazeta.kz/?p=3303 2-тапсырма: Берілген кестеге сұрақтардың жауабын жазыңыз. Қысқаша салыстырмалы талдау ұсыныңыз.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды