Еліміздегі демография және әлеуметтік қолдау. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 13-17. 09. 2021 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдолла Р.Ж.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы және демографиялық өзгеріс

Сабақтың тақырыбы:

Еліміздегі демография және әлеуметтік қолдау

Оқу бағдарламасына сілтеме:

8Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Сабақтың оқу мақсаттары:

Ақпаратты түсіну. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалым бойынша мәселені айқындап, проблемалық сұрақ құрастыра алады.
  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіре отырып жауап береді.
  • Басқаның жауабын талқылай отырып, өз жауабымен салыстырады.
  • Мәселе бойынша өз ұстанымын дәйектеп, қорытынды пікір айта алады.

Тілдік мақсаттар

Бөлімге қатысты лексика мен терминология:

Босқындар, Диаспора, Конвенция, Миграция, Оралмандар

Сабақта қамтылатын құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылығы:

  • Георафия, тарих бірлігі, тұтастығы

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жұптық және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география пәндерімен байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Видео-аудио арқылы жаңа білім меңгереді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-демографиялық өсімі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижелермен таныстыру. Алдыңғы сабақта өтілген тақырыптарды еске түсіру.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

25 минут

5 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма

  • Проблемалық сұрақ дегеніміз не?
  • Проблемалық сұрақ қалай жасалады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Тыңдалым тапсырмасы

https://www.youtube.com/watch?v=V1YFDEklO3M

3,30 ға дейін көреді. Топта «дастарқан» стратегиясы бойынша әркім өз проблемалық сұрағын жазады.

Топтық жұмыс: «Проблемамен саудалас»

  • Жұпта өз сұрағын ұсынып, талдай келе біреуін таңдайды.
  • Топқа ұсынылған екі сұрақтың бірін таңдайды.
  • Әр т оп таңдаған сұрақтарын сыныпқа таныстырады.
  • Басқа топтар сұраққа жауап береді. Келесі топ «Иә, бірақ…» деп берілген жауапқа сыни пікір айтады.

Бұл топтық жұмыс оқушының айтылым дағдысын жетілдіруге негізделген. Сұраққа жауап беру кезінде «Иә, бірақ…» деп сұрақ қоюшы оқушы өз жұбының сыни ойлауына бағыт беріп отырады, жауап беруші дәлелмен сөйлеуі тиіс.

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалым бойынша мәселені айқындап, проблемалық сұрақ құрастыра алады.
  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіре отырып жауап береді.
  • Басқаның жауабын талқылай отырып, өз жауабымен салыстырады.

Өзара бағалау (бірін-бірі бағалайды) жүргізіледі. Мұғалім кері байланыс береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қолдау ел демографиясы үшін қажеттілік» деген пікірге өз ұстанымыңызды ПОПС формуласы арқылы жазыңыз.

Презентация

Видео

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларды қолдау үшін мақтап, мадақтаймын, қолайлы орта туғызамын. Қабілетті оқушылар жұптық, топтық жұмыстарда өз көшбасшылығын танытады, білімімен бөліседі.

Оқушының жұптық бағалауы, топтық бағалау жүзеге асады. Мұғалім кері байланысы, оқушы рефлексиясы орын алады.

Тарих, география пәндерімен байланыс орнайды. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Жауапты азаматтық позиция, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1 2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу