Денсаулықты сақтау жолдары. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ


1-нұсқа

Пән: қазақ тілі

Сынып: 7

Бөлім/Тақырып

Денсаулық – зор байлық

Оқыту мақсаты

Т/А4. Негізгі ойды анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Бағалау критерийі

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды

анықтайды

Тапсырма

Тапсырма. «Жыланды емге қолдану» тақырыбындағы тыңдалым мәтіні

https://www.youtube.com/watch?v=6fIZrbDW62k

Мәтінінің негізгі ойын түсіну, дәлелдеу үшін «Әдеби шеңбер» стратегиясы қолданылады:

  • Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады.
  • Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді
  • Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді
  • Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды

анықтайды

Негізгі ойды түсінеді

Сұрақ құрастырады

Дәлел келтіреді

2-нұсқа

Пән: қазақ тілі

Сынып: 7

Бөлім/Тақырып

Денсаулық – зор байлық

Оқыту мақсаты

О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну және талдау

Бағалау критерийі

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және

жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Тапсырма

Тапсырма. Мәтіндерді берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

А мәтіні

Ә мәтіні

Мақсаты

А мәтіні

Ә мәтіні

Мазмұны

А мәтіні

Ә мәтіні

Стилі

А мәтіні

Ә мәтіні

Тілі

А мәтіні

Ә мәтіні

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және

жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады

Екі мәтіннің мазмұны мен мақсатын анықтайды

Екі мәтінді стиль түріне, тіліне қарай талдайды

А мәтін

«Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.

Қазақстан Республикасы Конституциясы әр адамның денс аулығын қорғауға кепілдік береді. Осы Конституциялық ережені жүзеге асырудың бір нысаны – денсаулыққа қарсы қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.

Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен (ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге жеке медицина-лық мекемелер құрылуда. Әрине,емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгілен-ген тәртіппен құрылуы тиіс.Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі мөлшерде ақы төленеді. Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқорлық жасауы тиіс. Бұл — олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы аурулардың да таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмсауды қажет етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көп жағдайда жергілікті мәслихат депутатарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне байланысты.

Ә мәтін

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу