Денсаулықты сақтау өз қолыңда. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 4 сабақ
1-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулықты сақтау өз қолыңда | ||
Оқыту мақсаты | 7ӘТН2 Орфоэпиялық норма | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну және қолдану | ||
Бағалау критерийі | Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. | ||
Тапсырма | 1-тапсырма: «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында бірнеше мәтіндер ұсынамын. 1.Мәтін мазмұнын меңгеру керек. 2.Мәтінге негіз болып тұрған тірек сөздерді жаздыру. 3.Мәтін мазмұны бойынша оқушылар бір сұрақтан әзірлеп, мазмұн бойынша алған білімдерін тексереді. 4. Айтылу кезінде өзгеріске ұшырап тұрған сөздерді тауып, ненің салдарынан бұлай болғанын анықтайды. А мәтін Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет. Ә мәтін Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Денсаулық зор байлық Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. |
| ||
|
2-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулық – зор байлық | ||
Оқыту мақсаты | Орфоэпиялық норма | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау | ||
Бағалау критерийі | Сөйлеу тіліндегі интонация,кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. | ||
Тапсырма | Тапсырма. 1.Берілген өлең жолдарын орфоэпиялық норманы сақтай отырып мәнерлеп оқы. 2. Өлеңге негіз болып тұрған тірек сөздерді тауып,сол туралы баяндап айт. 3. Өлең жолдарындағы кідірістерді анықта. 4. Өлеңде екпіннің қандай түрлері кездеседі? 5. Мәтін мазмұны бойынша «жұптық әдіспен» бір-біріне сұрақ қою және орфоэпиялық норманы сақтай отырып сұраққа жауап бер. | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. |
| ||
|
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.
Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру