Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ


 Публицистикалық стиль

 Публицистикалық стильдің сипаты. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттің мақсаты – жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.

 Осы міндетіне сай публицистикалық стильдің басты сипаты қалыптасқан:

  • Публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады;
  • Сөз экспрессивті, екпінді болады;
  • Сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құралады;
  • Публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.

 Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.

 Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.

 

 Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

 Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:

 а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестер, сөйлемдер;

 ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;

 б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер (сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі);

 в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.

 Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.

 Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.

 Сондықтан публицистикалық сөздердің ерекше тарихи оқиғаларға байланысты туғандары, ерекше мәнділері, көркемдері ел есінде мәңгі қалған. Оның авторлары, атақты шешендер мәңгі ұмытылмайды. Антика заманындағы грек Демосфен бүгін де ауыздан түспейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздерін әр қазақ біледі. Отан соғысы жылдары И.Эренбург, Б.Горбатов, Б.Бұлқышев сөздері жауынгерлерімізді шабуылға бастады.

 Публицистикалық сөз зор талант, мол біліммен қатар дайындықты да талап етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу