Исатай - басшы, мен - қосшы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Сабақ жоспары
Тарихи тұлғалар | Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С. | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Исатай - басшы, мен - қосшы | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтінге сүйене отырып көнерген сөз, эвфемизм, дисфмизмдерді анықтауға үйренеді. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік дағдылар | Адуын, ереуіл, қосшы, арғымақ, қазанат. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білімдеріне сүйенеді, Исатай сияқты тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||
Сабақтың басы
7 минут | Ой шақыру Оқушылар тақтада берілген өлең үзіндісін оқиды. Өлеңнің мазмұны не туралы екендігін айтады, өлең мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді. Ақындықтың адуын басы болған Махамбет, Азаттық үшін Жәңгірдің қасы болған Махамбет, Ереуіл жыры көңілімнің қошы болған Махамбет, Исатайдың арылмас досы болған Махамбет. (Т.Қайбуллаев. Қызғыш құс. 68-бет)
| Слайд Қызғыш құс. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 16 минут | Оқылым тапсырмасы
Махамбет Өтемісұлы Тайманның ұлы Исатай Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын, Күніне көз көрінім жер шалғысыз. Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десең нанғысыз. Жаманнан туған жақсы бар, Атасын айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда, Жарамды бір теріге алғысыз. Тайманның ұлы Исатай Ағайынның басы еді, Алтын ердің қасы еді. Исатайды өлтіріп, Қырсық та шалған біздің ел! Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар оқылым мәтінінен көнерген сөздер, эвфемизмдер мен дисфемизмдерді табады, олардың мағынасын анықтап, дәптерлеріне жазады. Жұпта бөлсіп, бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
| Қызғыш құс. | |||||||||||
Сабақтың соңы 7 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.
Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім. Мен ................ түйдім. Мен ............... ұсынамын. Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады. | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды