Исатай - басшы, мен - қосшы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ
1-тапсырма.
Берілген өлең үзіндісін оқыңыздар.
Өлеңнің мазмұны не туралы екендігін айтып, өлең мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ақындықтың адуын басы болған Махамбет,
Азаттық үшін Жәңгірдің қасы болған Махамбет,
Ереуіл жыры көңілімнің қошы болған Махамбет,
Исатайдың арылмас досы болған Махамбет.
(Т.Қайбуллаев. Қызғыш құс. 68-бет)
- Өлеңде ақын Махамбетті қалай сипаттаған?
- Махамбет пен Исатайдың достығы туралы не білесіздер?
- Махамбеттің Жәңгірге қас болу себебі неде?
Зейін қоя оқиық
Өлеңді зейін қоя мәнерлеп оқыңыздар.
Мәтіннен не түйгендіктеріңізді айтыңыздар.
Оқылым мәтінінен көнерген сөздер, эвфемизмдер мен дисфемизмдерді тауып, олардың мағынасын анықтап, дәптерлеріңізге жазыңыздар. Жұпта бөлсіп, бір-біріңізді бағалаңыздар.
Махамбет Өтемісұлы
Тайманның ұлы Исатай
Арғымақтан туған қазанат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазанаттан туған қаз мойын,
Күніне көз көрінім жер шалғысыз.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Асылын айуан десең нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді.
Исатайды өлтіріп,
Қырсық та шалған біздің ел!
Сөздер | Мағынасы |
|
|
|
|
Дескриптор:
- мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннен түйгенін айтады;
- мәтінінен көнерген сөздерді табады;
- мәтіннен эвфемизмдерді табады;
- мәтіннен дисфемизмдерді табады;
олардың мағынасын анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды