Исатай - басшы, мен - қосшы. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 8 сабақ


Бөлім атауы:

Тарихи тұлғалар

Сабақтың тақырыбы: Исатай - басшы, мен - қосшы

6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Бағалау критерийлері:

• көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданылу аясын біледі;

• оларды ажырата алады.

Оқыту мақсаты:

1-тапсырма.

Берілген өлең үзіндісін оқыңыздар.

Өлеңнің мазмұны не туралы екендігін айтып, өлең мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

Ақындықтың адуын басы болған Махамбет,

Азаттық үшін Жәңгірдің қасы болған Махамбет,

Ереуіл жыры көңілімнің қошы болған Махамбет,

Исатайдың арылмас досы болған Махамбет.

(Т.Қайбуллаев. Қызғыш құс. 68-бет)

Өлеңде ақын Махамбетті қалай сипаттаған?

Махамбет пен Исатайдың достығы туралы не білесіздер?

Махамбеттің Жәңгірге қас болу себебі неде?

Зейін қоя оқиық

Өлеңді зейін қоя мәнерлеп оқыңыздар.

Мәтіннен не түйгендіктеріңізді айтыңыздар.

Оқылым мәтінінен көнерген сөздер, эвфемизмдер мен дисфемизмдерді тауып, олардың мағынасын анықтап, дәптерлеріңізге жазыңыздар. Жұпта бөлсіп, бір-біріңізді бағалаңыздар.

Дескриптор:

мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;

мәтіннен түйгенін айтады;

мәтінінен көнерген сөздерді табады;

мәтіннен эвфемизмдерді табады;

мәтіннен дисфемизмдерді табады;

олардың мағынасын анықтайды.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу