Өміршеңдік кезеңінің түсіндірмесін жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Өміршеңдік кезеңінің түсіндірмесін жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

Сабақ мақсаттары

стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; өз бетінше қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялау

 Сөздік қор

Жанартау, атқылау

 Бағалау критерийі

Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айтады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Жанартау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. (Ұ)Қызығушылықты ояту.

Тек дыбыстар арқылы эмоцияны келтіру.

Балалар көрсетеді, ал мұғалім «Ооооо, жарайсың!», «Сөз жоқ, керемет!» деген сөздерді айтады.

  • Мен сендерге сөйлемде қандай сөздерді қолдандым?
  • Одағай деген не?
  • Қыстырма сөздер деген қандай сөздер?

ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

1.Қатемді тап.

Кішкене күшік шынын айтсам маған қатты ұнады. Мәссаған мұндайда керемет болады екен-ау! Ұмытып барады екем бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады. Неге екенін кім білсін қасындағы достарымен де араласпайтын болды. Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар бәлкім.

-Қыстырма сөздері бар сөйлемдерде қандай тыныс белгісі қойылады?

Презентация

Сабақтың ортасы

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.

О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!

- О-да-ғай.

- Неше буын бар?

- 3 буын бар.

- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?

- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.

- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?

- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.

- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.

- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.

2.Жаттығу жұмыстары:

Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз.

Амал қанша сен дұрыс айтып тұрған жоқсың. Осының бәрі әрине бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Меніңше бәрі ойдағыдай болды. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Олай болса сіз осы мектептің директоры боларсыз? Біріншіден оның айтқанын саралау керекпіз.

3-тапсырма

Мәтінді бөліктерге бөле отырып оқыңыз және әр бөліктің алдына () таңбасын қойыңыз.

Сөнген жанартауды қалай ажыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кратер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат жоқ жанартауларды сөнген жанартау дейді. Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жанартаулар дейді.Жанартау атқылауы – кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді.Жанартау жанында тіршілік ету жабайы әлем мен адамдарға қауіпті болғанымен, жанартаусыз біздің өмір сүріп жатқан құрлық мұхитқа батып кететін еді. Жер су әлеміне айналатын еді. Жанартау атқыламаса – Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады.Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады, аралдар қалыптасады.

Мәтіннің әр бөлігіне ат қойыңыз.

Оқыған мәтіннен негізгі ақпарат беретін тірек сөздерді/ сөйлемдерді түртіп алу арқылы кестені толтырыңыз.

Атауы

Тірек сөздер/сөйлемдер

Сөнген жанартау

Сөнбеген жанартау

Жанартаудың зияны

Жанартаудың пайдасы

Дескрипторлар:

Мәтіннің бөліктерін табады;

Әр бөлікке ат қояды;Оқыған материал бойынша тірек сөздерді/сөйлемдерді түртіп алады;

Жұптық жұмыс

Түртіп алған ақпараттарды пайдаланып, тыңдалған материал бойынша әңгімелеңіз, пікір алмасыңыз.

Суреттерді және берілген қыстырма, одағай сөздердің тиістісін пайдаланып, «Қысқы табиғат» тақырыбында шағын мәтін құрастырып айтыңыз.

Одағай сөздер: алақай, ойпырым-ай, шіркін, әттең.

Қыстырма сөздер: мүмкін, әрине, менің ойымша, сөздің қысқасы.

Дескрипторлар:

-ұсынылған тақырып бойынша шағын мәтін құрастырады;

- ойын жүйелі түрде, еркін жеткізеді;

- сөздерді мағынасына қарай қолданады;

- мәтінде қыстырма сөздерді қолданады;

- мәтінде одағай сөздерді қолданады.

http://imektep.kz/odagay-sozder

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Теллеграмма жазу»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс

Пунктуациялық қателерді редакциялайды.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша мәлімет

Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу