Өміршеңдік кезеңінің түсіндірмесін жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Өміршеңдік кезеңінің түсіндірмесін жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1 мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Оқыған мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру. Жоспар бойынша мазмұндау.

 Сөздік қор

Жанартау, атқылау

 Бағалау критерийі

Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айтады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқу үшін өлеңдер жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа джайындығын тексеру.

ІІ. (Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Ойымды тап» ойыны

Мақсаты: тақырыптың мақсатын анықтауға дайындық және сабаққа деген зейінін бөлу.

Әр қатарда 5-6 баладан тұрады. Бірінші баланың қолында қағаз бен қалам болады. Бірінші оқушы бір сөз жазады. Ол қашан деген сұраққа жауап берілуі тиіс. Келесі оқушылар кім, қайда, қалай, қандай, не істеді деген сұрақтарға жауап беретін сөздер жазады. Жазған сайын бір оқушы қағазды бүгу керек. Сөйтіп, келесі оқушы алдындағы оқушы не жазғанын білмейтін болады.

Кейін қағазды ашып, сөйлемді оқиды.

ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

  • Сөйлем шықты ма?
  • Үш топтың сөйлемі бір бірімен байланысты ма?
  • Сөйлемдер өзара байланысты болса, не пайда болады?
  • Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Мәтіннің неше бөлігі болады?
  • Бүгінгі сабақта не өтеміз?

Презентация

Сабақтың ортасы

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.

Топтық жұмыс:

Әр топқа бір мәтіннің бөліктері беріледі. Бөліктегі сөйлемдер бөлек жазылған. Оқушылар сөйлемдерден мәтін құрастырады.

Кейін, өзін-өзі тексеру үшін дайын тұста мәтін беріледі. Тұтас мәтін болу үшін мәтін бөліктерін анықтайды. Бөліктерге ат қояды. құрастырған жоспар бойынша мазмұндайды.

Оқушылар мәтінді көру диктанты арқылы жазады.

Мәтін:

 Әлемде таулар мен жанартауларды жиі кездестіруге болады. Тіпті олар мұхиттарда да болуы мүмкін. Жалғыз шың мен бірнеше үстірттер де тауға жатады.

 Жанартау- тау жыныстарының жарылып, жер бетіне балқып шыққан түрі. Бұл құбылыс тереңдегі ыстық газдардың ағуынан пайда болады. Балқыған тау жыныстарының қысымы жоғары болғандықтан, ол белгілі бір бағытта ағады.

 Жерді жарып шыққан магма лава деп аталады. Лава дегеніміз- жанартаудан ағып шығатын сұйық тау жыныстары. Лаваның түсі оттың түсі сияқты қызыл-сары болады және температурасы 7000С-тан 12000 С-қа дейін ауытқиды.

 Екі топқа тұтас мәтіннің сөйлемдері беріледі.

 Сергіту сәті.

 Мәтінде кездесетін күрделі сөздерді табу. Сөздерге синоним тауып, сөйлем құрастыру.

 Үстірт- төбе, қырат, жеңіл-желпі

 Үстірт білім- жеңіл-желпі білім

 Үстірт жер- төбелі жер

 Бір іске үстірт қарау- бір іске жеңіл-желпі қарау.

 Балқыған тау жыныстары- еріген тау жыныстары

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Шығу билеті»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс

Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айтады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
Пікір жазу