Бақылау диктанты.Дене шынықтыру. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 84 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

84абақ. Тақырыбы Бақылау диктанты.Дене шынықтыру.

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.3.5.1 - стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; зат есімнің септелу кестесін қолданып, сөйлемнен септік жалғауы жалғанған зат есімдерді табады.

Оқушылардың көбі:

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді; септік сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен септік жалғауы жалғанған зат есімдерді таба алады.

Оқушылардың кейбірі:

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; сөйлем құрамындағы сөздердіқай септікте тұрғанын анықтап, олардың орнын тәртібін біледі.

 Бағалау

критерийлері

Мұғалімнің көмегімен мәтінде жіберілген қателерді түзетеді.

Зат есімдерді септейді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сүйеніп отыру диктанты,пунктуация, орфография, грамматика.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл

-Борсық қандай жануар?

-Балаларын қалай өсіреді?

-Мәтіннің қай түріне жатады?

-Мәтіннің жанры қандай?

-Стилі қандай?

 Құндылықтар

өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық  қабілеттерін дамыту, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбыстардың емлесі. Пунктуация.Зат есімнің септелуі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру бөлімі. Халық ойыны «Біз де» ойыны ойналады. Мұғалім оқушыларға іс-әрекетке құрылған сөйлемді айтады. Оқушылар «біз де» деп айтып отыру керек. Шатасқан оқушы ойыннан шығады.

-Мен бүгін мектепке келдім.

-Біз де.

-Сабақтан соң кітапханаға барамын.

-Біз де.

-Автобуста кісі көп болды.

-(үндемей қалу керек).

-Мен кешке ойнауға шығамын.

-Біз де.

-Жаңбыр жауды.

-(үндемей қалу керек).

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Сабақтың ортасы

30 минут

(Ө.Т) 4.3.5.1 - стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау. 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма.Сүйеніп отыру диктанты (Back-to-back dictation) жүргізіледі. Бұл диктантты оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін  екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі. Жұп оқушы бір-біріне  арқаларын беріп отырады. Алдымен  оқушыларға мәтінмен  танысуға уақыт беріледі.Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің  бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктантты жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген  дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді. Тапсырма бойынша оқушылар қарамен жазылған сөздерді дұрыс жазу керек.Тыныс белгісіне, сөйлемнің бас әріппен жазылуына мән берулері тиіс. Асты сызылған сөздерді қатесіз айтып, қатесіз жазу керек.

Дене шынықтыру (алғашқы нұсқасы)

Күн шығып орман іші бір әдемі күйге бөленген іннен борсық шықты. Ауызында тістеген бір нәрсесі бар. Оны кішкене төмпешікке қойды. Борсық қайтадаң ініне кіріп кетті. Сәлден киін тағы алып шықты. Сүйтіп бұл жұмыс үш рет қайталанды бұл борсықтың ақсары кіп-кішкентай балалары еді (1-жұп оқиды).

Олар күн көзінде қыймылсыз біраз жатты. Аз уақыттан соң, дыбыс шығарды. Сол сәтте енесі інінен шықты қайтадан іңге тасыды.

Борсықтын балалары өте әлсіз туады. Қараңғы іңде өсуі нашар болады. Сондықтан тез өсуі үшін оларды енелері далаға күн күзіне шығарып шынықтырады. (2-жұп оқиды)

М.Баранов.

Дене шынықтыру (соңғынұсқасы)

Күн шығып, орман іші бір әдемі күйге бөленген. Үлкен сайдың қарсы бетіндегі іннен борсық шықты. Аузында тістеген бір нәрсесі бар. Оны кішкене төмпешікке қойды. Борсық қайтадан ініне кіріп кетті.Сәлден кейін тағы алып шықты. Сөйтіп бұл жұмыс үш рет қайталанды. Бұл борсықтың балалары еді. Түрлері ақсары, кіп-кішкентай.

Олар күн көзінде қимылсыз біраз жатты. Аз уақыттан соң, дыбыс шығарды. Сол сәтте енесі інінен шықты. Қайтадан інге тасыды.

Борсық балалары өте әлсіз туады. Қараңғы інде өсуі нашар болады. Сондықтан тез өсуі үшін оларды енелері далаға күн көзіне шығарып, шынықтырады.

М.Баранов

2-тапсырма. Оқушылар «ін» сөзін септейді.Сөзді септеп болған соң, септік жалғаулары жалғанған сөздерді жұптаса отырып тексереді.

Дескриптор:

  • орфографиялық нормаларды сақтайды.
  • грамматикалық нормаларды сақтайды.
  • пунктуациялық нормаларды сақтайды.
  • каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
  • берілген сөзді септейді.

Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің және оқушылардың өзара бағалауымен жүзеге асырылады.

Слайд

Дидактикалық материал

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Мен....... үйрендім.

Мен...... әлі үйренуім қажет.

Үй тапсырмасы 41-бет.

-керісінше сөзжұмбақты шешу.Сөзжұмбақта берілген жауап сөздердің сұрақ-тапсырмаларын жазу.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу