Ұзынсары, Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №3-сабақ. Ұзынсары. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мөлшерін сақтап мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді; - ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды; - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсінеді, сөйлеу барысында қолданады; - көркем жазу талаптарын сақтайды, жедел қарқынмен жазады | ||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер соғым, орталану, керме, сыбаға, көктем маусымы, Ұзынсары Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға, дәріптеуге баулу | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз мағынасы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (МК,Ұ,Т) «Ой қозғау» әдісі «Наурыз мерекесі» туралы оқушылардың білгендері мен өмірлік тәжірибелерін қолдану мақсатында ұйымдастырылады. Ол үшін тақтаға Наурыз мерекесі мазмүнын ашатын сюжетті суреттер көрмесі ұйымдастырылады. Оқушылар мәліметтермен қатар туындаған сұрақтарын да ұсынуына болады. Барлық мәліметтер тізімделген соң, сынып оқушыларымен бірге ұғым, түсініктер талқыланады. Сабақ мақсаты мен оқу мақатын белгілеу. Бағалау криетрийлерін таныстыру, бағалау кестесін тарату. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру (МК; Ұ; Ө) «Ұзынсары» мәтінін тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін анықтау. Ұзынсары Қысқы соғым орталана бергенде әжем: «Әлгі Ұзынсары келеді, мынау соның сыбағасы, оңаша тұрсын», - деп шытырлақ сары қазыны, май мен шұжықты керменің түкпіріне итеріп қояды. Сонда біз алабұртып: «Ұзынсары деген кім, қашан келетін қонақ?» деп ойлаймыз. Қымсына тұрып: «Ол кім, әже?» деп сұраймыз. «Асықпаңдар, боталарым. Жерге көк шығып, шелек сүтке толсын. Сонда сыбағасын аңдып Ұзынсары да жетеді», - дейді әжеміз күле жауап беріп. Әжеміз айтқан сол Ұзынсарының көктем маусымы екенін кейін білдік. Қазақша наурыз –жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп ерекелете атаған. Оның мағынасы терең - «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөз. Бұл күнді тойлау – халқымыздың ежелгі салты. «Жыл он екі ай» кітабынан (Ж) Тірек сөздерді белгілеу. Жабық сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: соғым, орталану, керме, сыбаға, көктем маусымы, Ұзынсары, батпай ұзақ тұратын көктем күні, Ұлыстың Ұлы күні, ежелгі салт. Талқылау Мұғалім тыңдалған материалдың мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін байқау мақсатында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды:
«Ұзынсары», «керме», «көк шығу», сөздері анықтама беру, «қымсыну», «шуақты», «орталана бергенде», «алабұртып» синониммен алмастыру, «салт», «шелек сүтке толсын» өмірден мысал келтіру тәсілдері арқылы түсіндіріледі. Жабық сұрақтар:
Ұлыс, сыбаға, қысқы соғым сөздерін түрлі дерек көздерінен табуға жағдай жасалады. Ауыспалы мағынада тұрған басы, ұзарады, көтеріле алмай, құлап жататын, өрмелеп, шығады сөздерінің тура мағыналары таптырылады. Сергіту сәті: НҰРЛЫ КӨКТЕМ +KARAOKE | ҚАЗАҚША БАЛАЛАР ӘНДЕРІ | БОТА БЕЙСЕНОВА https://www.youtube.com/watch?v=L_8SIpRPCMc Бағалау критерийлері (Ө,Ж) Маңызды ақпаратты іріктеу. Берілген мәтіннен Ұзысары сөзінің мағынасын ашатын үзіндіні теріп жазу. Ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызу. Қазақша наурыз – жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп еркелете атаған. Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады. Саралау Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады. (Ө,Қ) Наурыз мерекесіне шақырухат дайындау. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ. Рефлексия «Еркін жазу» әдісі. Наурыз мееркесі тақырыбы. (Ө; МК, Қ) Өзін өзі бағалау кестесі
Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен? Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек? Үй тапсырмасы: Наурыз жыл басы таныстыру әзірлеу. | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру