Қазақ тілі_3-сынып_Уақыт_№39 сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер


Дидактикалық материал

Тарау: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №39. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Қосымша № 1

Сағат түрлері

Қосымша № 2

Құм сағаты

Құм сағаты екі шыны сауыттан тұрады. Олардың тұтасқан тар мойыны болады. Құм жоғарғы сауыттан төменгі сауытқа сусып ағады. Содан кейін сағатты айналдыру керек. Айналдырғаннан кейін осы үдеріс басынан басталады. Құм сағаты уақытты дәл көрсетеді. Бірақ та оларды белгілі бір уақыттан кейін айналдырып отыру керек. Сол себепті олар қолданыстан шыға бастады. Қазіргі уақытта құм сағаттарын тек кәдесый ретінде, дәрігерлік емдеу шараларын өткізуде қолданады.

Су сағаты

 Су сағаттарының механизмі құм сағаттар тәрізді болған. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұрған. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсету үшін суын еселеп құйып отырған. Су сағатының түрлері XVII ғасырға дейін қолданыста болған.

Қазіргі заман сағаттары

 Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады. Яғни уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.

 Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.

 Кварц «маятникті» сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін «маятниктер» іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.

Астанадағы «Күн сағаты»

 Астана қаласының «Студенттер» саябағында Елорданың 15 жылдығына орай күн сағаты орналастырылды. Сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы – сәулетші Антон Максимов. 

Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған. Бұл сағат циферблатының ортасындағы металдан жасалған тіл дәл уақытты көрсетеді. Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін тілден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18:00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған. Мұнда отырып, 10 метрлік тілдің көлеңкесі қалай жылдам ауысқанын, осылайша, күндеріміздің қалай ғана жылдам сырғып бара жатқанын анық бақылауға болады. Бұл өміріміздің әрбір сәтін мәнді өткізу керек екендігіне үндейді.

Қосымша № 3

Суық, тіл сөздерін тура және ауыспалы мағынада қолданып, сөйлемдер құрастыру

Тура мағына

Ауыспалы мағына



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу