Ұзынсары, Тура және ауыспалы мағыналы сөздер слайд
Қазақ тілі
3-сынып 8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениетіСабақ тақырыбы №3-сабақ. Ұзынсары. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қайталау(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 3-сынып. НЗМ ДББҰ, 2018 ж.)Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыева А.Т.
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Сабақ мақсаты
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
мөлшерін сақтап мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Бағалау критерийлері
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;
тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
мәнмәтінде түсінеді, сөйлеу барысында қолданады;
көркем жазу талаптарын сақтайды, жедел қарқынмен жазады
Ұзынсары
Қысқы соғым орталана бергенде әжем: «Әлгі Ұзынсары келеді, мынау соның сыбағасы, оңаша тұрсын», - деп шытырлақ сары қазыны, май мен шұжықты керменің түкпіріне итеріп қояды. Сонда біз алабұртып: «Ұзынсары деген кім, қашан келетін қонақ?» деп ойлаймыз. Қымсына тұрып: «Ол кім, әже?» деп сұраймыз. «Асықпаңдар, боталарым. Жерге көк шығып, шелек сүтке толсын. Сонда сыбағасын аңдып Ұзынсары да жетеді», - дейді әжеміз күле жауап беріп.
Әжеміз айтқан сол Ұзынсарының көктем маусымы екенін кейін білдік. Қазақша наурыз –жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп ерекелете атаған. Оның мағынасы терең - «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөз. Бұл күнді тойлау – халқымыздың ежелгі салты.
«Жыл он екі ай» кітабынан
Тірек сөздер: соғым, орталану, керме, сыбаға, көктем маусымы, Ұзынсары, батпай ұзақ тұратын көктем күні, Ұлыстың Ұлы күні, ежелгі салт.
Талқылау
Әжей не деді?
Балалар қандай сұрақ қойды?
Ұзынсары қай кезде келеді?
Ұзынсары деген не?
Қысқы соғым дегенді қалай түсінесің?
Наурыздың жыл басы болу себебі неде деп ойлайсың?
Сендер бұл мерекені қалай тойлайсыңдар?
Сергіту сәті
НҰРЛЫ КӨКТЕМ +KARAOKE | ҚАЗАҚША БАЛАЛАР ӘНДЕРІ | БОТА БЕЙСЕНОВА
https://www.youtube.com/watch?v=L_8SIpRPCMc
Маңызды ақпаратты іріктеу
Ұзысары сөзінің мағынасын ашатын үзіндіні теріп жазу.
Қазақша наурыз – жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп еркелете атаған.
Өзіндік бағалау
Үй тапсырмасы
Наурыз жыл басы таныстыру әзірлеу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?