3-сынып_7-бөлім _ Су – тіршілік көзі_№16 Бөлім бойынша жиынтық бағалауы_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-тоқсан

Сабақ тақырыбы: Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)

Құрастырған: Каирова К.У.

Жиынтық бағалау мақсаты

Бүгінгі сабақ тоқсан бойынша өткен оқу мақсаттарына қол жеткізуімізді тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталады.

Тексерілетін оқу мақсаттар:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

- өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

-

Тапсырманы орындау ұзақтығы 15-20 минут. Жалпы балл саны – 7.

Тәртіп ережелерін еске түсірейік!

Нұсқаулықты мұқият тыңдау

ЖБ-ды бастамас бұрын түсінбеген сұрағын қойып алу.

Өзара көмек сұрамау

Дұрыс емес жауап белгіленсе, қарындашпен сызып көрсету

Тыңдалым материалы бойынша қандай тапсырмалар орындау талап етіледі?

1.1 Тірек сөздерді белгілеу

1.2 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтың жауабын жазу.

Cұрақтарға жауап бер.

1) Қандай суды қайнатпай іше беруге болады?

2) Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?

Тірек сөздер: _______________________________________________________

1-тапсырма. Тыңдалым және айтылым

Мәтінді мұқият тыңда.

Судың емдік қасиеті

Судың көптеген қасиеті бар. Денсаулықты қалпына келтіретін ең қарапайым әдісаш қарынға бал қосылған жылы су ішу. Бал қосылған жылы су – ең әуелі асқазанның жақсы жұмыс жасауына әсер етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.

Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Сүзгіден өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.

2-тапсырма. Судың қандай пайдасы бар? Судың денсаулық үшін маңызы туралы диалог құр

Орындалған жұмысты тапсыруға 5 минут қалды

Табиғаттағы су айналымы

- Сурет бойынша мәтін құрастырсаң не туралы айтар едің? Неліктен?

Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы зор. Сусыз адам да ,жан-жануар да тіршілік ете алмайды. Барлық адамдар оны қорғауға ,үнемдеуге , төкпей- шашпай пайдалануы тиіс. Табиғатты аялау, оны ластамау, қадірлеу- басты парызымыз. Барлық тіршілік судың қатысуымен болады.

Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Зерттеу бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Өйткені су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Сондықтан 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз суы буланып жоғары көтеріледі. Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтеріледі. Су буы қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі. Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады.

 

Сурет мазмұнына сәйкес келетін мәтінді анықта

Жазылым тапсырмасы

Мәтіннен сын есімі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Сын есімнің астын сызу.

Мәтіндегі сөйлемдердің байланысына қарай құрамында сын есімі бар бір сөйлем құрап жазу.

«Мен суды қорғауға дайынмын» тақырыбында

ой толғау жазу.

Үйге тапсырма



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу