3-сынып_7-бөлім Су – тіршілік көзі_№118 Бөлім жиынтық бағалауы_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-тоқсан

Сабақ тақырыбы: «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау (БЖБ)

Құрастырған: Каирова К.У.

Жиынтық бағалау мақсаты

Бүгінгі сабақ тоқсан бойынша өткен оқу мақсаттарына қол жеткізуімізді тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталады.

Тексерілетін оқу мақсаттар:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

- өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

Тапсырманы орындау ұзақтығы 15-20 минут. Жалпы балл саны – 7.

Тәртіп ережелерін еске түсірейік!

Нұсқаулықты мұқият тыңдау

ТЖБ-ды бастамас бұрын түсінбеген сұрағын қойып алу.

Өзара көмек сұрамау

Дұрыс емес жауап белгіленсе, қарындашпен сызып көрсету

Тыңдалым материалы бойынша қандай тапсырмалар орындау талап етіледі?

1.1 Тірек сөздерді белгілеу

1.2 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтың жауабын жазу.

1-тапсырма. Тыңдалым және айтылым

Елордадағы Есіл өзені

Жеті өзен Есіл, Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Іле мен Шу қазақ елінің мыңнан астам шақырым жерін басып өтеді. Соның ішінде бас қаламызАстананы қақ жарып өтетін бір ғана өзен бар, олЕсіл өзені. Оның ұзындығы 1400 километр. Елордамызға Есіл өзенінің тигізіп отырған пайдасы зор. Бұл өзен әсем қаламыздың ажарын одан сайын көркейтіп, экологияға оң әсер етіп отыр. «Жердегі ылғалелге ырыс» демекші қала қонақтары мен тұрғындары үшін жыл он екі ай таза ауамен тыныстап, аптап ыстықта өзенге шомылуға зор мүмкіндік туғызуда.

2-тапсырма. Есіл өзенінің қандай пайдасы бар? Атасы мен немересі арасында судың тіршілік үшін маңызы туралы диалог құрастыр.

Орындалған жұмысты тапсыруға 5 минут қалды

...............................

Су – тіршілік нәрі демекші ғалымдардың зерттеуіне қарасақ, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.

Адам бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Күнде таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Су адам денесіндегі барлық мүшелерге қажет. Суды үнемі мол ішіп жүрген абзал. Ол денедегі судың жетіспеушілігінен сақтайды.

Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? Неліктен?

Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().

Өткенді пысықтау

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап жазу

Жазылым тапсырмасы

Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді тауып жазу. Сан есімдердің астын сызу.

Мәтіндегі тағы қай сөйлемді сан есімдермен толықтыруға болады? Құрамында сан есімі бар бір сөйлем жазу.

Өткенді пысықтау

...............................

Су – тіршілік нәрі демекші ғалымдардың зерттеуіне қарасақ адам ағзасының 86 пайызы судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.

Адам бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Күнде таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Су адам денесіндегі барлық мүшелерге қажет. Суды үнемі мол ішіп жүрген абзал. Ол денедегі судың жетіспеушілігінен сақтайды.

Үй тапсырмасы

Өзің тұратын облыс көлемінде орналасқан өзен-көл туралы деректер жинап жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу